Аймақтар • 13 Шілде, 2020

Семейлік әскерилер індеттен қаза тапқандарды аза тұтты  

44 рет көрсетілді

Бас киімдерін қолға алып, тағзым етті.

Жалпыұлттық аза тұту күнінде семейлік әскерилер бір минут үнсіздік жариялау рәсімін өткізді. Коронавирус індетінен қаза болған азаматтарға әскерилер бас киімдерін қолға алып, тағзым етті. «Бүкіл әлемді жайлаған коронавирус індеті ешкімге оңай тиіп отырған жоқ. Бұл індет еліміздегі белгілі қайраткерлер мен сол індетпен күресу жолында қаза тапқан ақ халатты абзал жандарды және ел азаматтарын арамыздан алып кетті. Осындай сәтте біз біртұтас мемлекет екенімізді көрсетуіміз керек. Қара жамылған отбасылардың қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз. Жақынымызға жанашыр бола білейік» деді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары, полковник Арынғали Акишев.

СЕМЕЙ

 

Соңғы жаңалықтар

Бас прокуратура Damumed-ті тексереді

Қазақстан • Бүгін, 17:15

Тұманды Альбиондағы COVID-19

Коронавирус • Бүгін, 16:15

COVID-19: Түркиядағы індетпен күрес

Коронавирус • Бүгін, 14:57

COVID-19: Латын Америкасы лапылдап жатыр

Коронавирус • Бүгін, 14:14

Африканы кезген COVID-19

Коронавирус • Бүгін, 13:36

Ұқсас жаңалықтар