Клиникалық зертханалық диагностика саласындағы алғашқы отандық өндірушілердің бірі «КАЗ-ДИА-ТЕСТ» компаниясының тарихы өткен ғасырдың сексенінші жылдарымен тұспа-тұс келеді. «Қалқаман» шағын ауданындағы аурухана жертөлесіндегі екі бөлмеден бастау алған зертхана жиырма жылдан астам мерзімде отандық тестілеу өндірісінде бәсекеге қабілетті өнімдер шығаратын компанияға айналды.

«КАЗ-ДИА-ТЕСТ» ЖШС бас директоры Күлбаршын Жиембаева компанияның өндірістік әлеуетін жетілдіруді басшылыққа ала отырып, қолданыстағы желіні кеңейту мақсатында әртүрлі жедел тестер мен дайын өнімдер шығаратын зауыт жұмысының жолға қойылғанын жеткізді. Алматы Индустриялық аймағында биыл іске қосылатын зауыттың қазіргі кезде инфрақұрылымы жасалған. Өндірістік өнеркәсіп аймағында іске асатын жобаның мақсаты – бесінші буын жедел технологияларын дамыта отырып, ISO 13485 халықаралық стандарттарына сәйкес медициналық-диагностикалық сынақ жүйелерін өндіру аясын кеңейту. Есепті кезеңде кіріс көлемін 40 пайызға жеткізіп, жоба іске асқан мерзімнен бастап 3-4 жыл ішінде алғашқы инвестицияны қайтару жоспарлануда.
Медицинада және клиникалық микробиологияда жұқпалы аурулардың диагностикасын анықтауда көшбасшы болуды мақсат ете отырып, компания әлемге төнген коронавирус инфекциясын анықтау тестілерін шығаруды жолға қоюда. Нақты айтқанда, өндіріс ПТР тест жиынтықтары, коронавирусқа жедел тестілермен қатар онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтаудың автоматтандырылған заманауи желісін іске қосуымен ерекшеленеді. К.Жиембаеваның айтуынша, компания өндірісі республика жұртшылығының денсаулығын жақсартуда, оның ішінде жұқпалы аурулар мен вирустарға қарсы күреске, ағзадағы өзгерістерді білдіретін арнайы маркерлерді жылдам анықтауға мүмкіндік береді. Ал зертханалардың сенімді нәтижелерге жылдам қол жеткізуі – науқастар мен емдеу мекемелері үшін аса маңызды. «КАЗ-ДИА-ТЕСТ» ЖШС өнімдерінің желісі алғашқы диагностикалық экспресс-тестілерді анықтау ИХЭД форматында жүзеге асады. Бұл иммунохроматографиялық жедел диагнозды (ICED) қолдану мүмкіндігін азайтады әрі технологиялық тұрғыдан алғанда жаңа өндірістік сала.
Компания әлеуметтік маңызды ауруларды жедел диагностикалауда кардиомаркерлер, ісік маркерлері, АҚТҚ, гепатит, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, нашақорлықты диагностикалаудағы жүйелік сериялық өндіріспен қатар, қан құрамындағы қант мөлшерін, есірткі мен ішімдікті, сондай-ақ жүктілікті, қан құрамын, Rh факторын, гормондарды, сонымен қатар ветеринария саласындағы инфекцияларды да анықтау мүмкіндігіне де ие.
Бүгінгі таңда ELISA негізінде ИФА жаңа буынын жедел тестілеудің үш түрін, оның ішінде: жедел дәрі-дәрмек сынағының 2 түрі, В, С гепатиті, туберкулездің жедел сынағын шығарады. Ресей, Қырғызстан, Армения және Беларусь, т.б. елдермен жұмыс істейтін компания заманауи технологияларды өндіріске енгізуде зор тәжірибе жинақтай отырып, медицинасы дамыған Израиль, АҚШ, Жапония, т.б. елдердің өндіріс саласындағы компаниялармен әріптестік ынтымақтастығын жолға қойған.
«Қазіргі кезде өте жылдам таралатын COVID-19 вирусымен дер кезінде күресу және жедел анықтау, оқшаулау, жан-жақты бақылау сияқты кешенді денсаулық сақтау шаралары қолданылған жағдайда көрсеткішті төмендетіп, адам өлімінің алдын алуға болады. Дегенмен әлемдік ахуалға байланысты еліміз бұрын-соңды болмаған ауыртпалықты бастан кешіруде. COVID-19 вирусын жеңудің жалғыз жолы – ғаламдық ынтымақтастықпен бірлесіп әрекет ету», дейді К.Жиембаева. Ал ауру қайталанбас үшін адам денсаулығы тұрақты бақылауда болуы әрі вирустың таралуы мен жаңа инфекцияларды болдырмау үшін уақтылы сынақ жұмыстары жүріп отыруы тиіс. Осы бағытта компанияның инновация және даму жөніндегі арнайы бөлімдері, сондай-ақ жеке өндіріс алаңдары жоғары сапалы өнімдермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Күлбаршын Амантайқызы өз ісіне табандылығы арқылы шағын зертхананы заманауи компания деңгейіне жеткізе отырып, осы уақыт ішінде кедергілерге мойымай, отандық өндірісті жолға қою жолында көптеген қиындықпен бетпе-бет келгенін айтады.
«Алғашқы кезеңде өнімдеріміздің жоғары сапалы екеніне күмәнмен қараған мекемелер болды. Бірақ болашағы зор өндірістің мүмкіндіктерін отандық мамандар емес, Израильдің үздік өндірістері назар аударып, қолдау көрсете бастады. Тіптен, алған қарыздарды кешіктіріп өтеген кездерімізде де шетелдік әріптестеріміз түсіністікпен қарады», дейді компания басшысы. Дегенмен де отандық өнім Үкіметтің қолдауынсыз дамымайтыны анық. Осы тұрғыдан алғанда өндірісті қолдайтын көптеген мекеменің әрекетсіздігіне қынжылған Күлбаршын Амантайқызы елімізде өндірістің дамуына кедергі болатын жайттар көп екенін айтады. Десек те, қандай жағдайда да өндірісті тоқтатып алмаудың, заманауи кеңістікке шығаруға ықпал етіп, әкімшілік кедергілермен күресуге тура келді. Бүгінде әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттігін дәлелдеп үлгерген өндірістің дамуына жекелеген азаматтардың қосқан еңбегінің зор екенін атап өткен компания басшысы отандық өндірісшілердің қолдауымен медицина саласының барлық мүмкіндіктерін әлемге паш ете отырып, коронавируспен күреске жұмылдыруға негіз бар екенін жеткізді.
Әдебиет • Бүгін, 06:33
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Руханият • Бүгін, 06:31
Еліңді сүю – жақыныңды жақсы көруден басталады
Қоғам • Бүгін, 06:30
Айналамызға мейірім төгіп жүрейік
Қоғам • Бүгін, 06:27
Қоғам • Бүгін, 06:26
Қоғам • Бүгін, 06:17
Қиыншылық бір-бірімізді сыйлауды үйретті
Қоғам • Бүгін, 06:16
Қоғам • Бүгін, 06:14
Қоғам • Бүгін, 06:13
Әлемде баламасы жоқ бірегей театр
Театр • Бүгін, 06:11
Адамдардың татулығынан асқан құндылық жоқ
Қоғам • Бүгін, 06:10
Қоғам • Бүгін, 06:09
• Бүгін, 06:04
Қоғам • Бүгін, 05:59
Бірлік – кемел келешегіміздің кепілі
Қоғам • Бүгін, 05:57
Тәуелсіздік құрдастарының жобасы
Қоғам • Бүгін, 05:54
Заңдардың Конституцияға сәйкестігі – өзекті мәселе
Қоғам • Бүгін, 05:52
Руханият • Кеше
Өнер • Кеше
Ұрпақ өрбіту – ұлт алдындағы парыз
Қоғам • Кеше
«Көңіл көңілден су ішетін» керемет күн
Қазақстан • Кеше
Елордада қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтті
Спорт • Кеше
Санкт-Петерборда Жамбылдың 175 жылдығы тойланды
Руханият • Кеше
Қос боксшымыз Украинада топ жарды
Бокс • Кеше
Оралда ер адам газдан уланып көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында кәсіпкер түрмеге 32 телефон өткізбек болған
Аймақтар • Кеше
Атырау облысында есірткіні заңсыз сатқан ер адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Алматының Алмалы ауданында өрт болды
Аймақтар • Кеше
Түркістандағы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды
Аймақтар • Кеше
АҚШ жаңа вакцинаның қолданысына рұқсат берді
Әлем • Кеше
Ауа райына байланысты жабық тұрған трассалар туралы мәлімет
Қазақстан • Кеше
«Мен мұндай полицияны еш жерден көрмедім...»
Аймақтар • Кеше
Облыстық ассамблея алғыс гимнін шырқады
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Елорда • Кеше
Қазақстандықтар депозит бойынша қай банкке көп сенім артады?
Экономика • Кеше
Әуе компанияларының табысы құлдырады
Экономика • Кеше
Қыстың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Кеше
Коронавирус: Бір тәулікте 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Кеше
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Түркістан облысында бір отбасының бес мүшесі иіс тиіп қайтыс болды
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • 27 Ақпан, 2021
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Жапония келесі айдан бастап Олимпиада спортшылары үшін шекараны ашуы мүмкін
Әлем • 27 Ақпан, 2021
Қырғызстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Саясат • 27 Ақпан, 2021
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Александр Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • 27 Ақпан, 2021
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • 27 Ақпан, 2021
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі тағы 1 жылға ұзартылды
Қазақстан • 27 Ақпан, 2021
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • 27 Ақпан, 2021
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • 27 Ақпан, 2021
Ақпарат министрі кәсіби журналистиканы дамыту жоспарымен бөлісті
Қоғам • 27 Ақпан, 2021
Ақпаратқа мемлекеттің түбегейлі монополиясы жоқ – Аида Балаева
Қоғам • 27 Ақпан, 2021
Азаматтық ұйымдар жеке бастың емес, қоғам игілігі үшін қызмет етеді - Аида Балаева
Қоғам • 27 Ақпан, 2021
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонын өткізеді
Қазақстан • 27 Ақпан, 2021
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Сенатор Күрішбаев сауда орталықтары үшін алдын-ала белгіленген бағалардың дұрыстығына күмәнданады
Парламент • 27 Ақпан, 2021
Экономика • 27 Ақпан, 2021
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар