Руханият • 14 Шілде, 2020

Ақыл-парасатқа жүгінейік

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біз қазір қиын кезге тап болып отырмыз. Тып-тыныш жатқан елге тұтқиылдан жау шап­қандай күйдеміз. Алматыдағы ағайындарды былай қойғанда, сонау Шымкент, Тараз жақ­тан қаралы хабарлар кө­бейді. Осы бір індеттен ба­қилық болған барша отан­дастарымыздың жандары жәннатта шалқысын.

Ақыл-парасатқа жүгінейік

Бұл елге ғана емес, мемлекет басына да түскен сынақ секілді. Қиын жағдайларға қаншалықты дайын екенімізді көрсетіп берді. Әсіресе медицина жағындағы кем­шіліктеріміз сорайып-сорайып көрініп қалғандай. Не десек те, халқымызға төтеннен келген бұл қиындықты еңсеруіміз керек. Биліктің айтқан шараларын қатаң сақтауымыз қажет. Байқауымша, оқшаулануды тү­сінбей жатқан қауым көп. Той-томалақ әлі де бар. Өз басым жақын­дарымның екі тойына тыйым салдым. Осы уақытта Алла бәрімізге сабыр берсін. Ақыл-парасатқа жүгінейік.

 

Марал ЫСҚАҚБАЙ,

жазушы