Руханият • 14 Шілде, 2020

Қазақстан халқы Ассамблеясының үндеуі

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемді жайлаған COVID-19 індеті, өкінішке қарай, біздің елімізде де белең алып, ауруға шалдыққандар саны күрт өсіп отыр. Кісі өлімі көбейіп, арыстай азаматтарымыздың ортамыздан кетіп жатқаны жанымызға батады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының үндеуі

Осынау қиын сәтте Қазақстан­ның Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев біздің күшіміз – бірлікте еке­нін тағы бір мәрте еске салды. Хал­қымыз басына түскен ауырт­па­лықты өзі­нің күш-жігері, ұйымшылдығы, болашаққа деген ұмтылысы арқылы жеңетініне се­нім білдірді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 13 шіл­дені Ұлттық аза тұту күні деп жариялап, орын алған кемшіліктерді жойып, қолға алынуы тиіс шұғыл шараларды атап көрсетті.

ҚХА өз кезегінде Қазақ еліне қолдау білдіре отырып, карантин талаптарын қатаң сақтауға және туған-туыстарға жанашыр болуға шақырады.

Бүгінгі қаралы сәтте жақын­дарынан айырылған барша от­басылардың қайғыларына ор­тақтасып көңіл ай­тамыз.

 

Қазақстан халқы Ассамблеясы