Үкімет • 14 Шілде, 2020

Тұрақтандыру шаралары қабылданды

128 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Ведомствоаралық комиссияның отырысында еліміздегі санитарлық-эпидемиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша бірқатар маңызды шешім қабылданды.

Тұрақтандыру шаралары қабылданды

Осы жиында айтыл­ғандай, Мемлекет бас­шысының тапсырмасын орын­дау үшін Атырау об­лысының кадрлық әлеуетін нығайту мақсатында өңір­ге 102 жоғары білікті маман, Маңғыстау облысына 56 маман жіберілетін болды.

Елімізде бір рет қолда­нылатын үш қабатты меди­циналық масканың бөлшек саудадағы шекті бағасы 118 теңгеден 85 теңгеге дейін, яғни 28%-ға арзанда­тылды.

Отандық өндірістің кө­лемін ескере отырып, бү­гінгі күні өңірлерде дене қы­зуын түсіретін және бак­терияға қарсы препарат­тардың айлық қоры қалып­тастырылды. Елімізге дә­рі­лік заттардың 3,5 млн ора­масы жеткізілді, олар өңір­лерге таратылады. Осы ап­тада қажетті қосымша дә­рілік заттарды жеткізу ұйым­дастырылады.

Белгіленген санитарлық-эпидемиялық нор­малардың сақталмауына бай­ла­ныс­ты Денсаулық сақ­тау жә­не Ішкі істер минис­тр­лік­теріне, өңірлердің әкім­­­дік­теріне карантин ре­жі­­мінің анықталған бұзу­шылықтарын жоюға бағыт­талған барлық шараларды қабылдай отырып, мобильді топтардың жұмысын күшейту тапсырылды. Ол бойынша жеке тұлғаларға – 30 АЕК, заңды тұлғаларға – 230 АЕК көлемінде әкім­шілік айыппұл салу көз­делген.

Стационарлардағы па­циент­терді оттегімен қол­дауды қамтамасыз ету мақ­сатында өңірлердің әкім­діктері шұғыл түрде 2600-ден астам оттегі концентраты мен медициналық газдарды сатып алуда.

«Елде барлық қатаң шектеу шаралары қабылданды. Енді барлық қоғамдық қоз­ға­лыстардың әлеуетін тарта отырып, еліміздің әр ауда­­нындағы, ауылы мен ауласындағы тұрғындарға ка­рантин режімін сақтау қажеттігі туралы ақпаратты сапалы жеткізу қажет», деп түйіндеді Е.Тоғжанов.