"Мемлекет басшысы қор нарығын дамытудың маңызын атап өтті. Ұлттық экономика министрлігі Қаржы агенттігімен және Ұлттық банкпен, басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, қор нарығын дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратты Президент Әкімшілігіне енгізеді. Сонымен бірге Мемлекет басшысының мемлекеттің фискалдық және экономикалық мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы орындалады. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының әлеуметтік-экономикалық тиімділігін арттыру үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілетін болады", - деді Руслан Дәленов Үкімет отырысында.
Министр сондай-ақ "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасын тиімді іске асыру бойынша бизнес үшін міндеттемелерді енгізе отырып, бағдарламаның нақты индикаторлары мен стратегиялық міндеттері айқындалатынын мәлімдеді.