Қазақстан • 14 Шілде, 2020

Атырауда жолаушылар пойызының жол жүруі уақытша тоқтатылды

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік комиссиясының 2020 жылғы  2 шілдедегі шешіміне және Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің 2020 жылғы 3 шілдедегі №44 қаулысына сәйкес, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хаты негізінде осы шешімнің күші жойылғанға дейін "Атырау – Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол" бағытындағы №47/48 жолаушылар пойызы Атыраудан 2020 жылдың 13 шілдеден бастап, Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жолдан 2020 жылдың 15 шілдеден бастап, Атырауға 2020 жылғы 17 шілдеден бастап жол жүруі уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырауда жолаушылар пойызының жол жүруі уақытша тоқтатылды

Аталған пойызға бұрын жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеген жолаушылар жол жүру құжаттарын қайтаруды ресімдей алады және ақшалай қаражатты ұстап қалусыз толық көлемде ала алады.

Билеттер үшін төлемдерді қайтару билетті қайтару тәртібі мен сатып алу тәсіліне байланысты қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүргізіледі.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық анықтамалық ақпаратты "105" нөмірі бойынша білуге болады.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан қабылданған шараларға түсіністікпен қарауды және коронавирустық пандемияның таралуы кезеңінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды сұрайды.