Қытайда COVID-19 инфекциясының эпидемиясы басталғаннан сәттен бастап оларда жасанды интеллект осы бағытта қолданыла бастады. Қазір көптеген стартап осы вирусты тоқтату бағытында жасалып жатыр. Көрші елде жасанды интеллектті өкпенің рентген кескініне қарап ауруды анықтауға, видеоға қарап дене температурасын өлшеу мен жүрек соғысын анықтауға үйретіп жатыр. Сонымен қатар, осы тәсілмен әр өңірде аурудың ахуалын қадағалау мен оны модельдеу де қолға алынуда. Жасанды интеллекттің заманауи алгоритмдері ғалымдарға коронавирустың құрылымын зерттеп, жақын арада оның вакцинасын жасап шығаруға көмектесуде.

Өкпеге компьютерлік томография жасау дәрігерлерге ауруды анықтап, оны бақылауда ұстау үшін таптырмас құрал болып отыр. Томографиялық кескін арқылы коронавирус тудыратын өкпе қабынуын уақтысында білуге болады. Биылғы қаңтар айының соңынан бастап жасанды интеллектпен айналысатын бірнеше компания өз программаларын КТ-кескіндерді оқып-тануға үйрете бастаған. Бұл дәрігердің жұмысын жеңілдету үшін үлкен көмек болды. Ақпанның аяғында жасанды интеллект COVID-19 вирусын санаулы секунд ішінде анықтай алатындай деңгейге жеткен. Қытайдың алып компаниясы Alibaba да жасанды интеллект негізінде диагностика жүйесін жасап шығарды. Бұл жүйе 20 секунд уақытта коронавирусты 96 пайыздық дәлдікпен анықтай алады. Қазіргі таңда аталған программаны Қытайдағы жүздеген аурухана мен емхана пайдалануда. Ал, Израильде осыған ұқсас жүйені RADLogics стартапы жасап шығарған. Ол ауруды анықтап қана қоймай, сонымен бірге аурудың қалай кетіп бара жатқанын бақылауда ұстай алады.
Вакцина ойлап табу үшін коронавирустың құрылымы мен жаратылысын түпкілікті түрде түсіну керек. Британдық Google DeepMind компаниясы COVID-19 вирусына қатысы бар ақуызды зерттеу үшін жасанды интеллекттің жаңа алгоритмдерін пайдаланған. Бұл зерттеулер интернет кеңістігінде ашық ресурстарда жарияланды. Компанияның айтуынша, олардың болжамы тәжірибе негізінде жасалмаса да, ол ғалымдарға коронавирустың қалай өмір сүріп, дамитындығы туралы мол ақапарат бере алады.
Емделуі қиын ауруларға дәрі дәрі жасау үшін жасанды интеллектті қолданатын BenevolentAI компаниясы коронавирус шыға салысымен қолдағы бар препараттармен ауруды барынша қалай емдеуге немесе жеңілдетуге болатындай жүйе жасаған. Ал, Tencent, DiDi және Huawei сияқты компаниялар коронавирусты зерттеушілерге өздерінің есептегіш ресурстары мен суперкомпьютерлерін берген.
Стэнфорд университетінің Folding@home жобасы болса кез келген адамның ғалымдарға көмектесуіне жол ашады. Ол үшін өз компьютеріңізге арнайы программа орнатсаңыз болғаны. Компьютер бос кезде ол жаңағы программа арқылы есептеуге жұмылдырылады. Осындай көптеген құрылғылар біріге жұмыс істеу нәтижесінде кезінде Эбола вирусының ақуызы анықталған еді.
IBM компаниясы мемлекеттік мекемелер мен денсаулық сақтау ұйымдарына коронавирус туралы ақпаратты електен өткізу үшін өзінің жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін Watson программасын тегін берген. Одан бөлек бұл компания COVID-19 бойынша дәрілерді сүзгіден өткізіп, таңдау үшін IBM Summit суперкомпьютерін де ұсынған. Аталмыш компьютер алғашқы күндері-ақ 77 молекулярдық қоспаға назар аудару керектігін көрсеткен. Ғалымдардың пайымдауынша, осы қоспалардың негізінде коронавирус дәрісі жасалуы әбден мүмкін. Бұл әрине вирустың дәрісі бірден табылды деуге келмесе де, оның жақын арада жасалып шығуының ықтималдылығын көбейтіп отыр.
Ақ үйдің ғылыми-техникалық саясат басқармасы, АҚШ-тың энергетика министрлігі және IBM компаниясы Amazon, Google және Microsoft сияқты алпауыттармен бірлесе отырып ірі концорциум құрған. Концорциум мақсаты COVID-19 вирусын зерттейтін ғалымдарға суперкомпьютерлер ұсыну. Концорциумда жалпы өнімділігі 330 петафлопс болатын 16 жүйе жұмыс істеуде. Бұл жүйелерде 775 мың процессорлық ядро мен 34 мың графикалық процессор бар. Осындай күші алапат құрылғылардан келіп түсетін мәліметтерді сарапшылар кеңесі бағалайтын болады. Қытайлық Tianhe-1 атты суперкомпьютер компьютерлік томография кескіндері негізінде 10 секунд ішінде диагноз қоя алады. Бұл 80 пайыздық дәлдікпен жүзеге асуда және оның ауруды анықтау ықтималдылығы күн санап өсуде.
Коронавируспен ауырған адамның көбіне ыстығы көтерілетіні белгілі. Кейбір пациенттердің қан қысым да көтерілетін болған. Осыған байланысты смартфонның алдыңы камерасына түсірілген видео арқылы адамның қан қысымын анықтайтын жасанды интеллект негізіндегі программа жасалған.
Адамның жүрек соғысын фитнес-трекер немесе Smart-сағаттар да өлшей алады. Жүрек жұмысының ритміндегі ауытқуды осылайша анықтау арқылы тыныс алу органдарының ауруын алғашқы кезеңінде-ақ білуге болатындығын көрсетіп отыр.
Ал, адамның температурасын өлшеуге тепловизорлық камера орнатылған Smart-көзілдірік тестілеуден өтуде. Егер 5 метр жердегі адамның ыстығы 37,30 градустан асатын болса, құрылғы белгі береді. Канаданың BlueDot стартапы аурудың алдын алуда болжам жасайтын тәуір жүйесін жасаған. Ол күн сайын 65 тілде 100 мың мақала мен материал қарап шығып, електен өткізеді екен. Соның арқасында болар, канадалық жүйе Қытайдағы коронавирусты шығуын 2019 жылдың желтоқсан айында бірінші болып тапқан. Жасанды интеллект математикалық модель арқылы аурудың эволюциялық дамуын, яғни оның шарықтау шегі мен беті қайтуын болжай алады. Мұндай тәсіл Италиядағы коронавирустың таралуы кезінде пайдаланылды.
Жалпы алғанда, жасанды интеллект адамзатқа қауіп төндірген кез келген ауруға күрес кезінде ғалымдарға өзінің көмегін тигізе алатын заманауи құра екендігінде сөз жоқ. Сондықтан жақын арада әлемнің көптеген елдерінде індет болып тарап, талай адамның ажалына себеп болған коронавирус тажалының вакцинасы табылады деп сенеміз.
Ұрпақ өрбіту – ұлт алдындағы парыз
Қоғам • Кеше
Өнер • Кеше
Руханият • Кеше
Спорт • Бүгін, 06:55
Спорт • Бүгін, 06:52
Спорт • Бүгін, 06:51
Балалар кітапханасы жаңартылды
Әдебиет • Бүгін, 06:50
Аймақтар • Бүгін, 06:48
Спорт • Бүгін, 06:47
Спорт • Бүгін, 06:46
Спорт • Бүгін, 06:44
Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу бабымен қылмыстық іс қозғалды
Аймақтар • Бүгін, 06:43
Әдебиет • Бүгін, 06:38
Руханият • Бүгін, 06:36
Руханият • Бүгін, 06:34
Әдебиет • Бүгін, 06:33
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Руханият • Бүгін, 06:31
Еліңді сүю – жақыныңды жақсы көруден басталады
Қоғам • Бүгін, 06:30
Айналамызға мейірім төгіп жүрейік
Қоғам • Бүгін, 06:27
Қоғам • Бүгін, 06:26
Қоғам • Бүгін, 06:17
Қиыншылық бір-бірімізді сыйлауды үйретті
Қоғам • Бүгін, 06:16
Қоғам • Бүгін, 06:14
Қоғам • Бүгін, 06:13
Әлемде баламасы жоқ бірегей театр
Театр • Бүгін, 06:11
Адамдардың татулығынан асқан құндылық жоқ
Қоғам • Бүгін, 06:10
Қоғам • Бүгін, 06:09
• Бүгін, 06:04
Қоғам • Бүгін, 05:59
Бірлік – кемел келешегіміздің кепілі
Қоғам • Бүгін, 05:57
Тәуелсіздік құрдастарының жобасы
Қоғам • Бүгін, 05:54
Заңдардың Конституцияға сәйкестігі – өзекті мәселе
Қоғам • Бүгін, 05:52
«Көңіл көңілден су ішетін» керемет күн
Қазақстан • Кеше
Елордада қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтті
Спорт • Кеше
Санкт-Петерборда Жамбылдың 175 жылдығы тойланды
Руханият • Кеше
Қос боксшымыз Украинада топ жарды
Бокс • Кеше
Оралда ер адам газдан уланып көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында кәсіпкер түрмеге 32 телефон өткізбек болған
Аймақтар • Кеше
Атырау облысында есірткіні заңсыз сатқан ер адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Алматының Алмалы ауданында өрт болды
Аймақтар • Кеше
Түркістандағы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды
Аймақтар • Кеше
АҚШ жаңа вакцинаның қолданысына рұқсат берді
Әлем • Кеше
Ауа райына байланысты жабық тұрған трассалар туралы мәлімет
Қазақстан • Кеше
«Мен мұндай полицияны еш жерден көрмедім...»
Аймақтар • Кеше
Облыстық ассамблея алғыс гимнін шырқады
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Елорда • Кеше
Қазақстандықтар депозит бойынша қай банкке көп сенім артады?
Экономика • Кеше
Әуе компанияларының табысы құлдырады
Экономика • Кеше
Қыстың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Кеше
Коронавирус: Бір тәулікте 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Кеше
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Түркістан облысында бір отбасының бес мүшесі иіс тиіп қайтыс болды
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • 27 Ақпан, 2021
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Жапония келесі айдан бастап Олимпиада спортшылары үшін шекараны ашуы мүмкін
Әлем • 27 Ақпан, 2021
Қырғызстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Саясат • 27 Ақпан, 2021
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Александр Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • 27 Ақпан, 2021
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • 27 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар