Ғарыш саласы өнеркәсіптің басқа түрлеріндей COVID-19-дың тәуекелдерінен 100%-ға сақтандырылмаған. Вирустың таралуын тежеу үшін әлемде карантин күшейтіліп, ауқымды жобалардың жұмысы тоқтатылды. Алайда қауіпті індет SpaceX компаниясына жоспарды орындауға кедергі болған жоқ. Оған таяудағы Crew Dragon ғарыш кемесінің Халықаралық ғарыш стансасына астронавтары жеткізуі дәлел. Дегенмен бұл индустриядағы компанияларға өз стратегияларын жаңа сын-қатерге икемдеуге тура келді.

Қызметкерлер қашықтан жұмыс істеуде
Наурыз айында Калифорниядағы NASA-ның Эймс атындағы зерттеу орталығы қашықтан жұмыс істеу саясатына көшкен алғашқы ірі агенттікке айналды. Мұндай қадамға баруға қызметкерлердің бірінен COVID-19-дың табылуы мәжбүрледі. Көп ұзамай NASA-ның басқа орталықтары да осындай жұмыс тәртібіне ауысты.
Кез келген ағымдағы жұмыс және зерттеу жобалары онлайн-форматта жүзеге асырыла бастады. Бір орында атқарылуы тиіс десе де, асығыстықты талап етпейтін барлық жұмыс тоқтатылды. Тіпті ұзақ уақыттан бері жалғасып келе жатқан Джеймс Уэб телескобының құрылысы кейінге шегерілді.
«Өте маңызды» деп саналған жобалар тележұмыс (қашықтан жұмыс істеу) шектеулерінен босатылды. Оның ішінде ұтқыр қозғалысты қондырғылар зертханасындағы Mars 2020 жылжымалы аппаратын құрастыру (қазіргі Perseverance) және Кеннеди ғарыш орталығындағы SpaceX-тің Crew Dragon кемесінің іске қосылуы болды.
Марс планетасына бағытталған миссияны жүзеге асыру үшін Жер мен қызыл ғаламшардың ара қашықтығы анағұрлым жақын болғаны тиімді. Бұл қажетті отын мен қуат көлемін үнемдеуге септеседі. Мұндай сәтті уақыт екі жылда бір келетіндіктен, «Марс-2020» миссиясы биылғы жаздың соңында басталуы керек-ті. Ал Dragon экипажына ХҒС-ға (Халықаралық ғарыш стансасына) астронавттарды жеткізу жоспарын кейінге шегеру ғарыш айлағын экипажсыз қалдыру қаупін тудырар еді.
Қызметкерлер осыған дейін де медициналық әрі санитарлық қауіпсіздік талаптарын ұстанып келді. Енді адамдар арасындағы екі метр ара қашықтық сақтығы әдеттегі дағдыға айналады. Алайда ғарыш – жоғары технологиялар индустриясы. Барлық жұмысты пәтерде орындап, құрастырылған аппаратты үй жағдайында сынақтан өткізу мүмкін емес.
Саладағы жекелеген компаниялар локауттың (өндірістік жұмысты уақытша тоқтату) кесірінен зертханалар мен қажетті жабдықтарды шығаруды доғарып, тұтастай өндірістік циклді және ұшыру сынақтарын тоқтатуға мәжбүр. Наурыздың соңында Bigelow Aerospace компаниясы барлық қызметкерін жұмыстан босатса, тағы бір алпауыт OneWeb қаржылық қиындық салдарынан банкроттыққа өтініш берді.
Басқа компанияларға, әсіресе шағын агенттіктерге сәл кідіріс алып, экономиканың қайтадан жаңғыруын тосудан басқа амал жоқ. Мәселен, зымыран қозғалтқыштарын шығарумен айналысатын Relativity Space пандемияны алға тартып, 3D форматында жолға қойылған зымыранды жинақтауды бәсеңдетті. Әйтсе де компания CNBC-ге қызметкерлерді қысқарту жоспарда жоқ екенін, сондай-ақ өндіріс әлі де жалғасып жатқанын мәлімдеді.
Нарықтың өзге қатысушылары карантин ережелерін бұзып, көзделген мақсатты қайтсе де іске асырудың түрлі амалдарын қолданып келеді. SpaceX басты бәсекелесі OneWeb-тің банкротқа ұшырағанына қарамастан, өзінің төмен орбиталды спутниктік жүйесіне 482 Starlink Жер серігін орбитаға жеткізді. Сол секілді Илон Масктің компаниясы ғарыш ұшақтарын сынақтан өткізуді жалғастырып жатыр. Ал Virgin Orbit бірнеше апта бұрын ғарышқа алғашқы аппаратты шығаруды қолға алды.
Саланың дағдарысқа белшесінен батуынан NASA мен қорғаныс министрлігі арасындағы үкіметтік келісімшарттар сақтаса керек. Осы уақытқа дейін олар бәсеңдеген емес. Сәуірдің соңында ғарыш агенттігі айға қонатын қондырғыларды әзірлейтін үш компанияны «Артемида» бағдарламасына іріктеп алды. Сонымен қоса мұздықтарды зерттеуге арналған VIPER аппаратын Жердің табиғи серігіне жеткізетін компания таңдалмақ. Бұдан басқа агенттік Northrop Grumman компаниясымен «айдың қақпасына» арналған тұрғын үйдің модулін әзірлеуге байланысты келісімшарт жасады.
Ғарыш инженерлері вируспен күресіп жатыр
Пандемия кезінде ғарыш инженерлері күш-қуатын коронавируспен қатысты жобаларға бағыттағаны жасырын емес. Нақты айтқанда, NASA-ның JPL инженерлері (реактивті қозғалыс зертханасының мамандары) желдеткіштің жылдам құрастырылатын жаңа түрін шығарды. Virgin Orbit компаниясы да қалыспай дәл сондай құрылғыны әзірлеуді жолға қойды. Blue Origin және Boeing медицина қызметкерлеріне арналған бетперде мен басқа да жеке қорғаныс құралдарын шығара бастады.
Жерді бақылайтын спутниктер паркін басқаратын Maxar және Planet компаниялары өз қызметтеріне сұраныстың өскенін байқады. Өйткені олар жинақтайтын деректер адам мен қоршаған ортаның өміріндегі жаһандық және аймақтық үрдістерді қадағалауға көмектеседі. Intelsat және Hughes секілді телекоммуникациялық компаниялар қажетті инфрақұрылымды, қашықтан жұмыс істейтін бизнес субъектілерін, сол сияқты ауруханалар мен клиникаларды онлайн-режімде қолдау мақсатында спутниктік желідегі мүмкіндіктерін кеңейтетіндерін хабарлады.
Қазіргі күрделі кезеңде телемедицинаға деген қажеттілік күрт асқаны рас. Бұл орайда Еуропалық ғарыш агенттігі телемедицина нарығына жұмылдырылған компаниялардың қызметін қадағалайтын «адал брокердің» міндетін атқарудың мәселесін қарастыруда. Осыған байланысты ЕҒА Италияда арнайы жиын өткізген-ді.
Ғарыш индустриясы қалыпты өмірдің оралуын асыға күтуде. «Марс-2020» жобасы шілденің соңында іске асырылады деп жоспарланып отыр. NASA және Northrop Grumman Джеймс Уэб телескобының құрылысын қалпына келтірмек ниетте. Бірақ оны ұшырудың уақыты әлі анықталған жоқ. Бұдан бөлек, адамдарды Айға жеткізуге арналған жаңа ғарыш кешенінің алғашқы сатысын әзірлеу бойынша шектеулі жұмыстар жанданды.
«Бәйтеректің» құрылысы қашан аяқталады?
Жуырда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру бойынша техникалық-экономикалық негіздеме бекітіліп, эскиздік жобаға қаражат бөлінгенін айтқан болатын. Ведомство басшысының айтуынша, 2020 жылға нақтыланған республикалық бюджетке сәйкес жобаға биыл 1,7 млрд теңге қаржы бөлінді. 13 мамырда жоспар толықтай бекітіліп, қазір жобаның шарттары, соның ішінде Аэроғарыш комитеті мен «Бәйтерек» БК» АҚ арасындағы мемлекеттік тапсырысты орындау жұмыстары пысықталуда. Құрылыс жұмыстары келесі жылы басталады деп көзделіп отыр.
А.Жұмағалиев «Байқоңыр» ғарыш айлағын сақтау және дамыту бойынша Қазақстан, Ресей және БАӘ арасындағы үшжақты үкіметаралық келісім дайындалып жатқанын, келісімнің жобасын тараптардың ғарыш ведомстволары қарап, оң шешім тапқанын жеткізді.
«Мемлекетаралық рәсімдер аяқталған соң келісімге қол қоюдың нақты күні анықталады. Мөлшері тиісті рәсімді биыл жаздың соңына дейін аяқтап, күзде келісімге қол қойылады деп жоспарлануда. Осы ретте №1 тарихи старттық кешен жаңғыртылатынын айта кеткен орынды. Жаңғырту жұмыстары «Союз-2» ғарышқа арналған жаңартылған зымырандарды ұшыруға мүмкіндік береді. Аталған жұмыстың құны 84 млн долларды құрайды. Оның ішіне құрылыс-монтаж жұмыстары, сондай-ақ ескірген технологиялық жабдықтарды ауыстыру жұмыстары кіреді», деді А.Жұмағалиев.
Отандық ғарыш индустриясындағы тағы бір маңызды жоба – ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені. Оның құрылысы былтыр аяқталған еді. Енді аталған нысанда іске қосу жүйесін ретке келтіріп, өндірістік учаскелерді сертификаттау қалды. Министр ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің басты міндеті салалық өндірістің әлемдік нарығына кезең-кезеңмен шығып, спутниктерді шығаруда отандық мазмұнның көлемін ұлғайту деп нақтылады.
Бұл жобаны «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ Airbus Defense and Space франциялық компаниясымен бірлесіп іске асырғанын айта кету керек.
Ғарыштық көлемдегі қаражат жымқырылды
Өкінішке қарай, ғарыш саласын да сыбайлас жемқорлық айналып өткен жоқ. Айталық, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-ның бұрынғы басшысы және Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары 260 млн еуро көлемінде заңсыз келісімшарт жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан қаласының жемқорлыққа қарсы қызметі «Жерді қашықтан зондтаудың ғарыштық жүйесі» (ЖҚЗ ҒЖ) жобасын іске асыруға бөлінген мемлекеттік қаражатты ұрлау фактісі бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тексеру барысында 2009 жылы ғарыш аппараттарының ірі өндірушісі EADS Astrium компаниясымен қаржы-экономикалық негіздемесіз жоғарыдағы сомаға ЖҚЗ-дың екі спутнигін жеткізу бойынша келісімшарт жасалғаны анықталды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет нақты деректерді анықтап, бекіту үшін осы іске қатысы бар лауазымды тұлғалар мен жауапты қызметкерлердің үйлерінде тінту жүргізді. Оның барысында іске қажетті заттар, құжаттар, сондай-ақ ұлттық және шетел валютасындағы ақшалай айғақтар алынды. Сонымен бірге тергеу әрекеттері, соның ішінде жобаны іске асыруға қатысқан және стратегиялық шешімдер қабылдаған адамдардан жауап алу жүргізіледі делінген құзырлы орган таратқан ақпаратта.
Тыйым салынған заттарды колония аумағына кіргізбек болған алматылық кәсіпкер ұсталды
Қоғам • Бүгін, 17:06
Ресей инвесторлары Атырауға бет бұрды
Аймақтар • Бүгін, 16:56
Елбасы кітапханасында «Мың алғыс саған, Ұлы далам!» халықаралық дөңгелек үстелі өтті
Қазақстан • Бүгін, 16:45
Елордада әлеуметтік аз қамтылған 30 отбасыға азық-түлік себеттері тапсырылды
Қоғам • Бүгін, 16:44
Алматы: Коронавирустың алдын алуға барлық эпидемиологтар қатысады
Аймақтар • Бүгін, 16:30
Мемлекеттік хатшы: Тоталитаризмнен зардап шеккен көп халыққа қазақ жері пана болды
Үкімет • Бүгін, 16:26
Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыру басталды
Қоғам • Бүгін, 16:15
Атыраудың дәрігерлері «Туған елге мың алғыс!» челленджін ұйымдастырды
Аймақтар • Бүгін, 16:00
Елордадағы табысы аз отбасыларға сыйлық сертификаттары берілді
Қоғам • Бүгін, 15:59
Шымкенттік спортшылар стенд атудан әлем кубогінде қола медальге ие болды
Спорт • Бүгін, 15:51
Шымкентте азаматтар 30 мамандық бойынша тегін қысқа мерзімді кәсіптік білім ала алады
Аймақтар • Бүгін, 15:49
Асқар Мамин «Роскосмос» басшысымен кездесті
Үкімет • Бүгін, 15:38
Көктем кешікпей жетеді: Наурыз айына арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 15:21
Дубайдан келген 4 жолаушыдан коронавирус анықталды
Қоғам • Бүгін, 15:20
Үкімет • Бүгін, 15:17
Наурыз айында ел аумағында ұйымдастырылатын мәдени іс-шаралар кестесі жарияланды
Қазақстан • Бүгін, 15:01
Алматыда ұлттар достыған арқау еткен шара өтті
Аймақтар • Бүгін, 14:47
Этномәдени бірлестіктердің өкілдері алматылықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 14:35
Қызылорда облысының әкімі өрт салдарынан зардап шеккен Текебаевтар отбасына барды
Аймақтар • Бүгін, 14:30
Қуатты құрылымның шуақты мерекесі
Қазақстан • Бүгін, 14:15
Әулиеаталықтар Алғыс айту күнін атап өтуде
Аймақтар • Бүгін, 14:00
Елордада табысы аз отбасыларға сыйлық сертификаттары табысталды
Елорда • Бүгін, 13:50
Наурыз айында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 13:30
Сенаторлар адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша заң жобасын қарайды
Парламент • Бүгін, 13:22
Көпбалалы ана белгісіз кәсіпкерге алғыс айтады
Аймақтар • Бүгін, 13:15
Ержан Бәкірбайұлы Талдықорғанның әкімі болып тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:11
Зейнетақы ақшасын стоматологиялық қызметке пайдалануға болады
Медицина • Бүгін, 13:00
Алматыда педагогтардың республикалық жиыны өтті
Білім • Бүгін, 12:53
Қазақстанда «Шын Жүректен» атты алғыс білдіру сайты іске қосылды
Қоғам • Бүгін, 12:48
Өңірлердегі медициналық ұйымдардың тозығы жеткен
Аймақтар • Бүгін, 12:29
Тараз полицейлері ұрлық жасаған күдіктіні ұстады
Аймақтар • Бүгін, 12:28
Шымкентте Алғыс айту күні аталып өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:24
Киевте Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай іс-шара өтті
Руханият • Бүгін, 12:18
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына арналған кездесу өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:13
ГМ-172/10 мекемесінде Ж.Жабаевтың 175 жыл толуына орай мерекелік іс-шара аталып өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Ерлан Тұрғымбаев: Учаскелік пункттер желісін кеңейту керек
Қоғам • Бүгін, 12:07
БЖЗҚ салымшылары жинақтарын интернет арқылы бақылай алады
Экономика • Бүгін, 12:04
Қазақстанда бір апта ішінде 3 мыңнан аса қылмыс тіркелді
Қоғам • Бүгін, 12:01
Нұрлан Нығматулин: Алғыс айту күні - жас ұрпақты мейірімділікке тәрбиелейтін ерекше мереке
Парламент • Бүгін, 11:30
Созақтық полицейлер боранда жолда қалғандарды құтқарды
Аймақтар • Бүгін, 11:20
Ертең Қазақстанның басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 11:15
40-қа жуық адамды ажалдан арашалаған шымкенттік дәрігер туралы не білеміз?
Аймақтар • Бүгін, 11:15
Алтай Көлгінов бүгінгінің батырларына алғыс айтты
Қоғам • Бүгін, 11:09
Әлем халықтарының қанша пайызында коронавирусқа қарсы антидене бар?
Әлем • Бүгін, 10:45
Нұр-Сұлтан «сары аймаққа» қайта енді
Коронавирус • Бүгін, 10:41
1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні
Қоғам • Бүгін, 10:36
Жандарбек Бекшин дәрігерлерге алғыс айтты
Аймақтар • Бүгін, 10:35
Қазақстанда «Биологиялық қауіпсіздік туралы» заң әзірленеді - А.Цой
Медицина • Бүгін, 10:32
Қазақстанда ломбардтар жабылады
Экономика • Бүгін, 10:30
Биыл 6 миллионға жуық қазақстандық вирусқа қарсы вакцина қабылдайды
Медицина • Бүгін, 10:27
Алматыда Алғыс айту күніне орай этномәдени бірлестіктердің басшылары ҚХА аллеясын отырғызды
Руханият • Бүгін, 10:26
Келер жылы дәрігерлердің жалақысы қанша болатыны айтылды
Медицина • Бүгін, 10:21
«Тұмар-2021» ұлттық телевизиялық байқауына өтінімдер қабылдау басталды
Қоғам • Бүгін, 10:20
Ержан Біржанов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:15
Отандасымыз мәнерлеп сырғанаудан Sofia Trophy додасында қола жүлдеге ие болды
Спорт • Бүгін, 10:13
Мәулен Әшімбаев: Қоғамда Алғыс айту күні бұқаралық сипатқа ие болып келеді
Парламент • Бүгін, 10:08
Б.Сағынтаев алматылықтарға ынтымақтастық пен өзара көмектері үшін алғыс айтты
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Шымкентте отбасылық бизнес дамып келеді
Аймақтар • Бүгін, 09:53
Нұр-Сұлтанда мұғалімдер мен полиция қызметкерлерін вакциналау басталды
Медицина • Бүгін, 09:50
Асқар Мамин: Береке-бірліктің арқасында алға қойған мақсаттарымызға жеттік
Үкімет • Бүгін, 09:38
Елбасы Алғыс айту күнімен құттықтады
Елбасы • Бүгін, 09:28
Мемлекет басшысы қазақтандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:23
Бүгін 1 наурыз – Алғыс айту күні
Руханият • Бүгін, 09:13
Өткен тәулікте 547 науқас қауіпті індеттен айықты
Коронавирус • Бүгін, 09:03
Елімізде бір күнде 622 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Ұрпақ өрбіту – ұлт алдындағы парыз
Қоғам • Бүгін, 06:59
Ұқсас жаңалықтар