Технология • 15 Шілде, 2020

Өкпені жасанды желдету аппараттарын шығарады

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түрік инвесторлары Қазақстанда өкпені жасанды жел­дету аппараттарының өндірісін жолға қоймақшы. Мем­лекетаралық келіссөздер аясында Қазақстан Рес­пуб­­ликасының Түрік Республикасындағы Елшілі­гі­нің белсенді қатысуымен Biosys компаниясынан Biyovent ӨЖЖ аппаратының өндірісін игеру мүмкіндігі қа­рас­ты­рылуда.

Өкпені жасанды желдету аппараттарын шығарады

Бүгінде «Қазақстан ин­­жи­­ниринг» ҰК» АҚ «KAZAKH INEVST» ҰК» АҚ-ның көмегімен «Қазақ­станAselsan Инжиниринг» ЖШС бірлескен қазақ-түрік кә­сіпорнында медициналық құ­рал өндірісін ұйымдастыру мүм­кіндігін қарастырып жатыр.

«COVID-19 бойынша ауру­­дың өсуі аясында ден­сау­­лық сақтау органдары қо­сым­ша 3-4 мың ӨЖЖ сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл аппараттардың серия­лық өндірісі 2020 жыл­дың сәуірінде Түркияда іс­ке қосыл­ды. Бүгінгі таңда Biyovent ӨЖЖ Нұр-Сұлтан қала­сының жұқ­палы аурулар орталығына сынақ жүргізу үшін ұсынылған. Зерттеу нәтижелері бойынша өндірісті оқшаулау туралы шешім қабылданады», деп атап өтті «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ № 2 жобалармен жұмыс департаменті жобасының жетек­ші­сі Әмір Ахметов.

Мамандар атап өткендей, Biosys – Түркиядағы био­медициналық жабдықтарды әзір­леуші және өндіруші компания. ӨЖЖ Түркия кәсіп­орындарының тек ішкі өндірістік мүмкіндіктерін пайдалана отырып әзір­лен­ген және өндірілген. Бұл аппарат Түркия Республикасы Ғылым, өнеркәсіп және технологиялар министрлігінің және Билкент технопаркінің көмегімен 5 жылдық ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижесі.

Biyovent ӨЖЖ зият­кер­лік қауіпсіздік жү­йе­сі мен ыңғайлы интер­фей­сі бар. Құрылғы әр­түр­лі пациенттер тобымен (нео­наталды, балалар, ересек) үй­лесімді, кеңейтілген адап­­тивті бақылаудың озық алго­­рит­мдерін қолданады. Ап­па­­рат­­ты қысқа мерзімде 100-ге жуық инженердің қа­тысуымен ASELSAN, Bilkent, Biosys, Arçelik түрік ком­панияларының консорциумы пысықтады.