Әлем • 15 Шілде, 2020

Әлемдегі ең бай елдердің бірі рекордтық құлдырауды бастан кешуде

2011 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирус пандемиясы салдарынан Сингапурдың экономикасы осы жылдың екінші тоқсанында бірінші тоқсанмен салыстырғанда 41,2 пайызға қысқарды. Мұндай мәліметтерді сауда және өнеркәсіп министрлігі жариялады, деп жазады Egemen.kz

Әлемдегі ең бай елдердің бірі рекордтық құлдырауды бастан кешуде

Техникалық рецессияны көрсететін бұл құлдырау қатарынан екі тоқсан бойы жалғасуда. Бірінші тоқсанда ЖІӨ 3,3 пайызға қысқарды. Жылдық көрсеткіште әлемдегі ең бай елдердің бірі Сингапур экономикасы 12,6 пайыздық құлдырауды бастан кешіруде. Бұл – тәуелсіз Сингапур тарихындағы (1965 жылы) рекордтық құлдырау.  

Тоқсандық көрсеткіште өндіріс көлемі 23,1 пайызға, құрылыс 95,6 пайызға төмендеді, ал қызмет көрсету саласындағы құлдырау 37,7 пайызды құрады.

Сингапур билігі коронавирус пандемиясы кезінде адамдарға тікелей көмек ретінде 2,5 миллиард доллар бөлді. Ел экономикасын қолдауға ЖІӨ-нің 20 пайызы (70,3 миллиард доллар) бағытталған.