Аймақтар • 15 Шілде, 2020

Солтүстікқазақстандықтар әлеуметтік желілерді белсенді қолдануда

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары әлеуметтік желілерде полиция жұмысына қатысты 140-тан пост орналастырды. Соның ішінде Полиция департаментіне электрондық ресурстар арқылы ондаған өтініш келіп түсті. Көбіне солтүстікқазақстандықтар өз сұрақтарына әлеуметтік желілер арқылы жауап алуға тырысады.

Солтүстікқазақстандықтар әлеуметтік желілерді белсенді қолдануда

Азаматтардың қоғамдық тәртіпке бей-жай қарамауларын белгілі пабликтерден жиі көруге болады, онда пайдаланушылар фото және бейнеконтенттер жібереді. Осындай материалдар бойынша полиция қызметкерлері тексерістер жүргізіп, заңнамамен белгіленген шараларды уақтылы қабылдайды. "Халықпен кері байланыс бұл – полиция ведомствосының барлық бөліністері үшін аса маңызды қадам. Полиция жұмысындағы басымдылық барлық өтініштерге, оның ішінде онлайн-форматта келіп түскендерге жедел әрекетету болып табылады. Құқық бұзушылықтарға бей-жай қарамай, солтүстікқазақстандықтардың жиі көрсетіп келе жатқан белсенді азаматтық ұстанымы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша жұмыстың тиімділігіне ықпалын тигізеді", - дейді өз сөзінде "халық үніне құлақ асатын мемлекет" принципіне тоқталған СҚО ПД бастығы, полиция полковнигі Марат Төлебаев.

Жыл басынан әлеуметтік желілерде солтүстікқазақстандықтар полицияның жұмысына қатысты 140-тан астам пост орналастырды. Олардың дені жол қозғалысы қауіпсіздігі, ТЖ режімін, абаттандыру қағидалары, тыныштықтықты бұзушылықтарға қатысты болды. Барлық фото және бейнематериалдар бойынша тексерістер жүргізіліп, тиісті шаралар қабылданды.