Аймақтар • 15 Шілде, 2020

Түркістандағы Халықаралық әуежай құрылысы жоспарланған мерзімде аяқталуы тиіс

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан қаласынан 20 шақырым қашықтықта құрылысы жүріп жатқан халықаралық әуежайда терминал қабырғаларын қалау жұмыстары - 60% аяқталып, ішкі-сыртқы қабаты шынымен қапталуда.

Түркістандағы Халықаралық әуежай құрылысы жоспарланған мерзімде аяқталуы тиіс

Сондай-ақ, ұшу-қону жолағы, рульдеу жолы мен перронның негізі - 100 %, ұшу-қону жолағын асфальттеу - 50%, жолаушылар терминалының металл құрылымдарын монтаждау толық аяқталған.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі аясында "Turkistan International Airport" ЖШС-і тарапынан қолға алынған алып құрылыс алаңында 341 маман мен 106 арнайы техника жұмыс істеудеҚұрылыста өндірістік жұмыс кестесі сақталуда.  Сонымен қатар қажетті материалдар жеткілікті. Әуежайды 2020 жылдың соңына аяқтап, қолданысқа енгізу жоспарланған. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев нысан басындағы құрылыс жұмыстарымен танысып, әуежай құрылысын сапалы әрі өз уақытында аяқтауды тапсырды.