Өкпе қабынуына, коронавирус індетіне шалдыққан науқастарға аса қажетті құрылғылар аудандық орталық ауруханаларға орнатылды.
Еріктілер қажетті медициналық құрылғыларды Алматы қаласынан алып келген. Сондай-ақ, оттегі баллондарын толтыру жұмыстарына да атсалысуда. Кәсіпкерлер демеушілігінен артылған қаражатқа ауруханаға азық-түлік алынды. Себебі, онда емделушілермен қатар, қауіпті дертті емдейтін медицина қызметкерлері де 14 күнге дейін үйінен оқшауланып, қызмет көрсетіп келеді.
Айта кетейік, Сайрам ауданы бойынша Ақсукент және Қарабұлақ орталық ауруханаларында 87 төсек-орын бар. Қосымша Қарабұлақ ауылындағы "САПА" жекеменшік медициналық орталығынан тағы 30 орын ашылған.