Бүкіл әлем өмірдің байлауын алтын уақыттан тауып, кілтін аспаннан іздеген заманда көп сөйлеген кісінің парқы өзге жұрттың қалтасын қаққанмен бірдей болмақ. Тұрмыста да, жұмыста да, тіпті торқалы тойда да, топырақты өлімде де сол дағдысынан арыла алмай келе жатқан ағайынға тілдің қадірі мен сөздің қасиеті хақында аз-кем құлаққағыс етуді жөн санадық.

«Қазақтың өзге жұрттан сөзі ұзын» екендігін ескерткен Абай ақынның даналығына да ешкім шек келтіре қоймас. Біреудің қанша уақыт сөйлегенін есептегіш құралды (хронометраж аспабын) ешкім қалтасына салып жүрмейтіні де белгілі. Желбуаз көпірудің астарында өсек айту, қауесет тарату, қыздырма қызыл сөз, жадағай сөзуарлық сияқты неше түрлі қиямпұрыс қылықтар жатары анық.
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» тосатын халық та осы күні асыл қасиетінен жаңылып қалғандай. Аз сөзге көп ойды, соны пікірді сыйғызу – ақылдың, парасаттың, білімнің өлшемі. Ал ұзақ сөйлеу, бұрын айтылғанды талмай қайталай беру – білімсіздік, сенімсіздік, жағымпаздық пен жарамсақтық қана емес, ортаны сыйламау, тыңдаушыны құрметтемеу. Ондайларды жұрт сыртынан «езбе», «көкезу» немесе «мылжың» деп те атайды. Көп сөйлегіштер тақырыпты білсін-білмесін өзгеге қосамжарланып, жанынан сөз қыстыруға әуес, әр тұстан қойыртпақ араластырып, бастапқы көлемі бір пышақ әңгіме бара-бара бір құшаққа айналады. Құшақтан асып, жолай шашылып-төгілетіні, жинап-теретіні тағы бар. Келесі жерге ол бір арбаның жүгінен асып жететіні де белгілі. Қырық жыл бұрынғыны қырық қайтара қайталап, ежіктеп тұрып алатындар сойынан да сөз саптағыштар шығады. Замандастарымыздың тағы бір көп сыналып жүрген міні – екеуара қатынасында немесе телефон байланысында айтушы өз ойын, өтінішін анық әрі нақты тұжырымдай алмайды. Сондай-ақ сұхбаттасушы оны бар зейінімен, ықыласымен мұқият тыңдамайды. Содан өтініш пен уәде аяғы реніш пен өкпеге ұласады немесе шала-шарпы атқарылған шаруаны да, сөзді де әрі қарай созбақтауға мәжбүрлейді. Әрине, күнделікті өмірден алынған мұндай мың сан мысал азайсын, мүлдем болмасын деп тілейміз. Дәстүрімізде жоқ нәрсе болашақта жалпы жұртымыздың әдетіне айналып кетпес үшін нендей қам жасау керек? Тағы да данышпан Абайдың: «Кісіге қарап сөз салма, сөзіне қарап кісіні ал», дегеніне жүгінер болсақ, сөз түсінетін адамды өнеге тұтуды, сөздің қадір-қасиетін білуді адам капиталының өлшемі ретінде бағалауға тиіспіз. Шындығында, сөзге құлақ қоятын адам ғана сөзге тоқтай алады. Сонда ғана Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымы іс жүзінде жалпыхалықтық қағидаға айналмақ. Атқарушы биліктің, жауапты мекемелердің халықпен диалог жүргізу мәдениетінде көпсөзділікке орын болмағаны дұрыс. Аз сөзді алтынға балаған халқымыз ертеден «Көп сөйлеген көптен айырылар», «Ине көзінен сынады, шешен сөзінен сынады» деп ескертіп те қойған. Өйткені ұзын тіл мен сөзбұйдалықтың шекарасы тым жақын. Мұның айырмасын ажыратпаған адам – халық түгіл өзінің де қадір-қасиетін аңғармайтын жан. Сондықтан қысқа да нұсқа жазылған немесе айтылған сұраққа билік басындағылар да тиянақты түрде жауап қайтаруды мемлекеттік қызмет шарты мен елдік ұстаным тәртібі ретінде орнықтыру керек. Мәселенің оң шешімін беруге, сондай-ақ не себепті шешілмейтінін жазбаша не ауызша түсінікті етіп, ашық, тура айтуға не кедергі?
Әлбетте, біліксіздік пен жауапсыздық кедергі. Айталық, шала жауаптардың «түпнұсқа» мысалын республикалық, өңірлік БАҚ бетінде жариялауды әдетке айналдырайықшы, қандай қызық болар екен? Қалам жүрексініп, қағаз ұялатынын байқарымыз сөзсіз. Сонда ол жауаптың авторлары (қол қойғыштар) не күй кешер екен? Ресми тілді желеу етіп, сірескен терминдерді қолдануға әуес жас лауазым иелерінің сөзін Елбасы талай мәрте орынды бөлгені естеріңізде шығар. Бұл – елеулі тағылым. Аузынан сөзі, қойнынан бөзі түсіп тұрған адам қайдан қайраткер болмақ? Елбасы халықтың ұғымына жақын сөйлеуді, қарапайым сөзбен ұғынықты жеткізуді қадап айтқаны да сондықтан.
Қазір кеңес кезеңінде жиі қолданылған жалтарма, көпірме жауаптардың, бюрократияның бұқпантай тәсілдерінің уақыты өткен. Тәуелсіздік жылдары оның ара-жігін ажырата білетін саналы ұрпақ қалыптасты. Олар билік тарапынан жұмыстың жаңаша атқарылғанын қалайды. Жекелеген министрлер мен жоғары лауазым иелерінің ғана емес, қатардағы мемлекеттік қызметкерлердің жазуында, сөйлеген сөзінде кеткен қателіктер жұртшылықтың талқысына түскенін, әзіл-оспаққа айналғанын, беделіне нұқсан келгенін ел ұмыта қойған жоқ. Сондықтан елдің алдына шығып, сөз сөйлеу кез келген қызметтегі азаматтан даярлықты, шынайылықты талап етеді. Сонымен бірге еркіндік, демократия жолы осы деп, жөнсіз елеуреп, шешенсіп сөйлейтіндердің көбейіп келе жатқаны тағы бар. Алайда ел күткен билік пен халықтың арасында сындарлы қоғамдық диалог қадамының реті, жүйесі осылай ма еді? Ең сорақысы – дәстүрімізге жат сол үрдіс енді телеэкрандарға, радиоэфирлерге ауысып бара жатқандығы. Кеңес заманында біржақты монолог болғанына тарих та, халық та куә. Ол енді түсімізге де кірмесін десек, үкімет ұсынып отырған мүмкіндіктің өңін теріс айналдыру кімге қажет? Осы тұрғыдан алғанда, азаматтық қоғам институттарының мойнында көп жүк бар. Олар тиімді диалог жүргізу мәдениетін қалыптастыру жолында оң үлгі көрсете алар еді. Бұл заңды құрметтеу, жүйелі сөздің құдыретін ескеру қағидатына толық сәйкес келеді.
Әрине, егер орнымен қолданса, сөз – әрі қамал, әрі қару. Амандық та, жамандық та – сөзден. Сондықтан Nur Otan партиясы өткізетін праймеризге қатысуға, қоғамдық ұйымдарды басқаруға сауатты, ұтымды сөйлей алатын, сөзі мен ісі бір жерден шығатын азаматтар ұмтылуы керек деп ойлаймыз.
Әйтпесе, бос сөйлеп, сөз қадірін қашыратындардың, арзан сөзді қарша борататындардың қарасы көбейіп кетуі мүмкін. Орыстың мықты ақыны Николай Гумилев айтқандай, ондай кезде «Өлі сөздерден бөтен иіс мүңкитін болады». Ал партия жұмысын жаңғыртуда сөзі салмақты, елдік істе бағыты айқын азаматтар алға озып шығады деп ойлаймыз. Онсыз да ұлт бірлігіне сырттан сына қағуды ойлап жүргендер мен арандатушылардың ала көзі мен жөнсіз сөзі ғаламдық эпидемиямен алысып жатқан тұста елдің етегінен тартқандай әсер қалдырады. Бірақ халық та кімнің кім екенін жақсы біледі. Бүлдіргі, жалған сөз қуып, оны қасақана таратушылар сауатты қоғамнан бағасын алып, әшкерелене береді. Қоғам үні, халық бағасы мен жазасы заңның күшінен әлдеқайда қатал болатыны сөзсіз.
Халықтың киесіне, даналықтың иесіне бас игізген тарихымызды бұрмалағысы келетіндерді, елдік құндылықтарымызды місе тұтпағандарды әруақ ататынын ата-бабамыз әлімсақтан айтып, аманаттап кеткен. Елдің бірлігі мен тұтастығын нығайту жолында әрбір азаматтың ниеті де, үлесі де айқын, нақты, жүйелі болуға тиіс. Көп сөйлейтін кезден өттік, жұдырықтай жұмылып, көп іс атқаратын заманға жеттік. Сөзіміздің басында айтылған хакім Абайдың ойы да соған үндеп тұрғандай.
Дархан МЫҢБАЙ,
Парламент Мәжілісінің депутаты
Ұрпақ өрбіту – ұлт алдындағы парыз
Қоғам • Кеше
Өнер • Кеше
Руханият • Кеше
Спорт • Бүгін, 06:55
Спорт • Бүгін, 06:52
Спорт • Бүгін, 06:51
Балалар кітапханасы жаңартылды
Әдебиет • Бүгін, 06:50
Аймақтар • Бүгін, 06:48
Спорт • Бүгін, 06:47
Спорт • Бүгін, 06:46
Спорт • Бүгін, 06:44
Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу бабымен қылмыстық іс қозғалды
Аймақтар • Бүгін, 06:43
Әдебиет • Бүгін, 06:38
Руханият • Бүгін, 06:36
Руханият • Бүгін, 06:34
Әдебиет • Бүгін, 06:33
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Руханият • Бүгін, 06:31
Еліңді сүю – жақыныңды жақсы көруден басталады
Қоғам • Бүгін, 06:30
Айналамызға мейірім төгіп жүрейік
Қоғам • Бүгін, 06:27
Қоғам • Бүгін, 06:26
Қоғам • Бүгін, 06:17
Қиыншылық бір-бірімізді сыйлауды үйретті
Қоғам • Бүгін, 06:16
Қоғам • Бүгін, 06:14
Қоғам • Бүгін, 06:13
Әлемде баламасы жоқ бірегей театр
Театр • Бүгін, 06:11
Адамдардың татулығынан асқан құндылық жоқ
Қоғам • Бүгін, 06:10
Қоғам • Бүгін, 06:09
• Бүгін, 06:04
Қоғам • Бүгін, 05:59
Бірлік – кемел келешегіміздің кепілі
Қоғам • Бүгін, 05:57
Тәуелсіздік құрдастарының жобасы
Қоғам • Бүгін, 05:54
Заңдардың Конституцияға сәйкестігі – өзекті мәселе
Қоғам • Бүгін, 05:52
«Көңіл көңілден су ішетін» керемет күн
Қазақстан • Кеше
Елордада қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтті
Спорт • Кеше
Санкт-Петерборда Жамбылдың 175 жылдығы тойланды
Руханият • Кеше
Қос боксшымыз Украинада топ жарды
Бокс • Кеше
Оралда ер адам газдан уланып көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында кәсіпкер түрмеге 32 телефон өткізбек болған
Аймақтар • Кеше
Атырау облысында есірткіні заңсыз сатқан ер адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Алматының Алмалы ауданында өрт болды
Аймақтар • Кеше
Түркістандағы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды
Аймақтар • Кеше
АҚШ жаңа вакцинаның қолданысына рұқсат берді
Әлем • Кеше
Ауа райына байланысты жабық тұрған трассалар туралы мәлімет
Қазақстан • Кеше
«Мен мұндай полицияны еш жерден көрмедім...»
Аймақтар • Кеше
Облыстық ассамблея алғыс гимнін шырқады
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Елорда • Кеше
Қазақстандықтар депозит бойынша қай банкке көп сенім артады?
Экономика • Кеше
Әуе компанияларының табысы құлдырады
Экономика • Кеше
Қыстың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Кеше
Коронавирус: Бір тәулікте 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Кеше
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Түркістан облысында бір отбасының бес мүшесі иіс тиіп қайтыс болды
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • 27 Ақпан, 2021
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Жапония келесі айдан бастап Олимпиада спортшылары үшін шекараны ашуы мүмкін
Әлем • 27 Ақпан, 2021
Қырғызстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Саясат • 27 Ақпан, 2021
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Александр Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • 27 Ақпан, 2021
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • 27 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар