Пікір • 16 Шілде, 2020

Аграрлық ғылым – агроөнеркәсіптің қозғаушы күші

771 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жуырда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қ.Тоқаев агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін инвестиция мен технологияны тартуға тиіс екенімізді, осыған орай жерді тиімді пайдалану мәселесін фермерлер қоғамдастығымен талқылау қажеттігін айтты.

Аграрлық ғылым – агроөнеркәсіптің қозғаушы күші

Өкінішке қарай, біздің кейбір қаладан шыққан фермерлеріміз аймақтық егіншілік жүйені ескере бермейді. Олар мұхиттың арғы жағынан әртүрлі сарапшы­лар­ды алып келіп, егін егудің қа­лыптасқан мерзімін және біздің жағдайымызға бейімделген агротехнологияларды өзгертумен әлек.

Биылғы егін науқанының алдында С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ ғалымдары Қазақстанның негізгі астық өндіретін облыстары үшін көктемгі егіс жұмыс­та­­рын жүргізу бойынша нақты ұсы­ныстарын әзірледі.

Біз соңғы 23 жылда осы облыстарда жауын-шашынның басым мөлшері жылдардың 24% – маусымда, 48% – шіл­де­де, 13% – тамыз айында байқалғанын есептедік. Сон­дықтан, шілдедегі ең жоғары ылғал­дылықты ескере отырып, Қазақ­станның солтүстігінде ауыл шаруа­шылығы дақылдарын өсіру технологиясы мамырдың ортасынан соңына дейінгі уақыт қолайлы мерзімге үйлестірілген.

Әрине егер бізде дамыған елдер­дегідей ауа-райының нақты болжамы болса, ғылыми кеңес­терімізді де дәлірек айтар едік. Бірақ, өкінішке қарай, метео­қызмет жұмысының артта қалуы­­нан астық өндірісінде және жалпы еліміздің ауыл шаруа­шы­лығында көп мәселелер шешіл­мей отыр.

Биылғы топырақтың көктемгі ылғалдылығына қарамастан, маусым айында болған құрғақшылық егістікті күйдіріп жіберді. Бірақ ғалымдар ұсынған мерзімде егіл­ген алқаптарда жақын күн­де­­рі болған жауын-шашын жағ­да­йды біраз оңалтады.

Өкінішке қарай, осы жылы сәуір айының соңында және мамыр айының басында егін себуге асыққан диқандардың өнімдері төмендеу болады, бұл егістіктер құрғақшылыққа ұшырады.

Жалпы, тәуекелді егіншілік жағдайында егін себу мерзімін сәтті таңдау арқылы ғана астық­тың өнімділігін бірнеше есе көбей­туге болады. Ал ол мил­лиар­дтаған теңге!

Сондықтан біздің Прези­ден­тіміз Қ.К.Тоқаев ғы­лым­­ды қаржыландыруды арттыра отырып, өте дұрыс қадам жа­сап отыр. Бірақ аграрлық са­ла­ны күшті ғылыми базамен қамтамасыз етумен қатар, бізге фермерлерді оқыту үшін да­мы­­ған елдер үлгісінде білімді таратудың тиімді мемлекеттік жүйесін құру қажет (extension service). Өкінішке қарай, мұн­дай жүйе бізде әлі күнге дейін жоқ.

 

Ақылбек КҮРІШБАЕВ,

ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ басқарма төрағасы