Дзюдодан Азия чемпионаты 1966 жылдан бері үздіксіз ұйымдастырылып келеді. Қазақстан бұл дүбірге тоқсаныншы жылдардың басында, яғни тәуелсіздік алғаннан кейін қосылды. Сол себепті де біз бүгінгі мақаламызда 1993-2019 жылдар аралығында өткен жарыстарға тоқталып, әр елдің ерлер құрамасының сол кезеңде қол жеткізген жетістіктері мен отандық дзюдошыларымыздың бағындырған белестері жайында баяндауды құп көріп отырмыз.

Көш басында – корейлер мен жапондар
Аталған аралықта дзюдодан Азия чемпионатының жалауы 20 мәрте желбіреді. Осы жарыстардың жалпыкомандалық есебінде бас жүлде үшін тартыс көбіне-көп Жапония мен Оңтүстік Корея құрамалары арасында өрбиді. Иә, Сары құрлықтың сайыпқырандары жиналған додасының ерлер сайысында ең көп жүлдені жапондардың олжалаған рас. Олар 127 мәрте жеңіс тұғырына көтерілді. Корейлер 119 рет үздіктер санатынан көрінді. Әрине оған таңдануға болмайды. Өйткені Жапония – дзюдоның отаны. Осы күрес түрін ойлап тауып, оны өркендетіп жатқан да – солар. Ал егер тек алтын медальдардың санын есепке алсақ, онда корейлердің көші ілгері екенін аңғарамыз. Нақты деректерге сүйенсек, жоғарыда көрсетілген мерзім аралығында ұйымдастырылған Азия чемпионаттарында Оңтүстік Кореяның әнұраны 52 мәрте шырқалса, жапондар 48 рет дәл сондай құрметке бөленді. Яғни медальдардың сапасы жағынан корейлер озып тұр.
Алып Азияның үздік үшінші командасы атану үшін тартыс Қазақстан мен Өзбекстан дзюдошылары арасында өтеді. Осы күнге дейін қос команда да 14 алтыннан олжалады. Ал жүлделердің жалпы саны жағынан көршілерімізге қарағанда біздің мысымыз басым. Отандастарымыздың қоржынында тағы 18 күміс пен 49 қола медаль бар. «Ала шапанды» ағайындарымыз 16 күміс пен 41 қоланы иемденді.
Дәл қазір «Дзюдо күресінен Азия құрлығының алдыңғы легіндеміз» деп қазақтар мен өзбектерге арқаны кеңге салып, еш босаңсуға болмайды. Өйткені Моңғолия мен Иран құрамалары өкшелеп келеді. Әзірге олар 12 алтыннан олжалады. Аталған мемлекеттерде дзюдоның даму жүйесі дұрыс жолға қойылып, қазіргі кезде ол керемет қарқынмен дамып келе жатқанын естен шығармаған жөн. Сондықтан да алдағы уақытта моңғолдар мен Парсылардың қоржыны әжептәуір толығатыны анық.
Бір айта кетерлігі, 1966 жылы тұсауы кесілген Азия чемпионатының ерлер сайысында небәрі тоғыз мемлекеттің әнұраны шырқалған екен. Бастапқы кезеңде жапондардың тегеурініне шыдау мүмкін емес еді. Көп кешікпей корейлер қатты өсті. Тоқсаныншы жылдары қазақ пен өзбек, моңғол мен ирандықтар еңсе тіктеді. Ара-тұра Қытай (1996, 1999 жылдары), Солтүстік Корея (1999, 2007) және Тәжікстанның да (2016, 2017) татами шеберлерінің теңдессіз деп танылғаны есімізде. Олардың да өрендері қос алтынды иемденді. Ал Сары құрлықтағы өзге көптеген мемлекеттің балуандарына Азия чемпионатының алтын тұғырына көтерілу бақыты әзірге бұйырған жоқ.
Қазақстандықтардың қарқыны қалай?
Қазақстан дзюдошыларының Азия чемпионаттарындағы табысы жайында біз жоғарыда қысқаша баяндадық. Енді кейбір қызықты деректерге тоқталайық. Алып құрлықтың апайтөстері бас қосқан байрақты бәсекеде 81 жүлде алу, әрине аз олжа емес. Жалпы 1993-2019 жылдар аралығында 20 мәрте жалауы желбірген жарыста барлығы 14 мәрте Әнұранымыз шырқалды. Кейбір додадаларда бас жүлде бұйырмағанымен, күміс пен қолаға қарық болдық.
Жерлестеріміз өзінің ең зор табысына 2004 жылы қол жеткізді. Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткен жарыста 3 алтын, 2 күміс және 1 қола медальды еншілеп, жалпыкомандалық есепте екінші орынға көтерілдік. Әзірге ең үздік нәтижеміз – осы. Ал 1993, 1995 және 1997 жылдары үздік үштіктің қатарынан көріндік. 2011-2017 жылдар аралығында ұлттық құрамалар арасында командалық сайыстардың ұйымдастырылғаны естеріңізде шығар. Сол алты жарыстың бесеуінде Қазақстанның дзюдошылары үшінші орынды иеленді.
Жекелеген балуандарға тоқталатын болсақ, отандастарымыздың арасынан Сергей Шәкімов (1995, 1996, 1997) пен Асхат Житкеев (2003, 2004, 2008) үш реттен Азия чемпионы атанды. Иван Каразелиди (1993), Базарбек Донбай (2004), Мұратбек Қыпшақбаев (2004), Максим Раков (2009), Сергей Лим (2012), Елдос Сметов (2016), Максим Раков (2017) және Ерлан Серікжанов (2019) сынды саңлақтардың да Сары құрлықтың теңдессізі атануға қарым-қабілеттері жетті.
Игорь Пешков (1993), Сергей Әлімжанов (1995), Ақат Әшіров (1996), Асхат Шаһаров (2000), Руслан Сейілханов (2000), Вячеслав Бердута (2000), Еркін Тұяқов (2001), Сағдат Садықов (2004), Елдос Ықсанғалиев (2004), Айдар Қабимоллаев (2005), Асхат Житкеев (2005), Ринат Ибрагимов (2008), Ислам Бозбаев (2011, 2017), Максим Раков (2015), Дидар Хамза (2016), Елдос Жұмаханов (2017, 2019) шешуші тұста ғана ұтылып, күміс медальды мойындарына ілді.
Ал Серік Әдіғанов (1993), Сергей Әлімжанов (1993), Сергей Шәкімов (1993), Ахат Әшіров (1995), Ержан Омарбаев (1996), Руслан Сейілханов (1996, 1997), Мұса Зайпуллаев (1997), Вячеслав Бердута (1997 – екі салмақта, 1999), Алексей Аляпин (1999), Елдос Ықсанғалиев (2000, 2001, 2003 – екі салмақта, 2004, 2005), Рауан Инатуллаев (2001), Дастан Пірімқұлов (2001), Ерлан Сләмбаев (2003), Саламат Отарбаев (2005, 2008), Базарбек Донбай (2007), Максим Раков (2007, 2016), Тимур Болат (2009, 2011), Ұлан Рысқұл (2009), Еркебұлан Қосаев (2011), Ержан Шынкеев (2011, 2013, 2015, 2016), Виктор Демьяненко (2012), Елдос Сметов (2013), Азамат Мұқанов (2013), Ислам Бозбаев (2013, 2019), Елдос Жұмаханов (2015, 2016), Әзиз Қалқаманұлы (2016), Жансай Смағұлов (2017) және Ғұсман Қырғызбаев (2019) қола медальды мойындарында жарқыратты. Сонымен қатар Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының командалық сайысында бес рет үшінші орынға табан тіреді.
Қазіргі кезде Қазақстанда дзюдоның даму барысы көңіл көншітерлік. Еліміздің бірқатар өңірінде күрестің бұл түрі қарыштап дамып келеді. Соның арқасында жасөспірімдер мен жастар буыны және ересектер арасындағы дүбірлі додаларда жерлестеріміз жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Олай болса, Айдын Смағұлов баптаған біздің балуандар алдағы жарыстарда да жанкүйерлерін жерге қаратпайды деп үміттенеміз.
Ұрпақ өрбіту – ұлт алдындағы парыз
Қоғам • Кеше
Өнер • Кеше
Руханият • Кеше
Спорт • Бүгін, 06:55
Спорт • Бүгін, 06:52
Спорт • Бүгін, 06:51
Балалар кітапханасы жаңартылды
Әдебиет • Бүгін, 06:50
Аймақтар • Бүгін, 06:48
Спорт • Бүгін, 06:47
Спорт • Бүгін, 06:46
Спорт • Бүгін, 06:44
Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу бабымен қылмыстық іс қозғалды
Аймақтар • Бүгін, 06:43
Әдебиет • Бүгін, 06:38
Руханият • Бүгін, 06:36
Руханият • Бүгін, 06:34
Әдебиет • Бүгін, 06:33
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Руханият • Бүгін, 06:31
Еліңді сүю – жақыныңды жақсы көруден басталады
Қоғам • Бүгін, 06:30
Айналамызға мейірім төгіп жүрейік
Қоғам • Бүгін, 06:27
Қоғам • Бүгін, 06:26
Қоғам • Бүгін, 06:17
Қиыншылық бір-бірімізді сыйлауды үйретті
Қоғам • Бүгін, 06:16
Қоғам • Бүгін, 06:14
Қоғам • Бүгін, 06:13
Әлемде баламасы жоқ бірегей театр
Театр • Бүгін, 06:11
Адамдардың татулығынан асқан құндылық жоқ
Қоғам • Бүгін, 06:10
Қоғам • Бүгін, 06:09
• Бүгін, 06:04
Қоғам • Бүгін, 05:59
Бірлік – кемел келешегіміздің кепілі
Қоғам • Бүгін, 05:57
Тәуелсіздік құрдастарының жобасы
Қоғам • Бүгін, 05:54
Заңдардың Конституцияға сәйкестігі – өзекті мәселе
Қоғам • Бүгін, 05:52
«Көңіл көңілден су ішетін» керемет күн
Қазақстан • Кеше
Елордада қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтті
Спорт • Кеше
Санкт-Петерборда Жамбылдың 175 жылдығы тойланды
Руханият • Кеше
Қос боксшымыз Украинада топ жарды
Бокс • Кеше
Оралда ер адам газдан уланып көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында кәсіпкер түрмеге 32 телефон өткізбек болған
Аймақтар • Кеше
Атырау облысында есірткіні заңсыз сатқан ер адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Алматының Алмалы ауданында өрт болды
Аймақтар • Кеше
Түркістандағы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды
Аймақтар • Кеше
АҚШ жаңа вакцинаның қолданысына рұқсат берді
Әлем • Кеше
Ауа райына байланысты жабық тұрған трассалар туралы мәлімет
Қазақстан • Кеше
«Мен мұндай полицияны еш жерден көрмедім...»
Аймақтар • Кеше
Облыстық ассамблея алғыс гимнін шырқады
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Елорда • Кеше
Қазақстандықтар депозит бойынша қай банкке көп сенім артады?
Экономика • Кеше
Әуе компанияларының табысы құлдырады
Экономика • Кеше
Қыстың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Кеше
Коронавирус: Бір тәулікте 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Кеше
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Түркістан облысында бір отбасының бес мүшесі иіс тиіп қайтыс болды
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • 27 Ақпан, 2021
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Жапония келесі айдан бастап Олимпиада спортшылары үшін шекараны ашуы мүмкін
Әлем • 27 Ақпан, 2021
Қырғызстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Саясат • 27 Ақпан, 2021
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Александр Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • 27 Ақпан, 2021
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • 27 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар