Оқиға • 16 Шілде, 2020

Оқушылар шыңдалатын орда

97 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Отандық экономикаға алғаш инвестиция салған шетел инвесторы –­ «Шеврон» компаниясы атыраулық оқушылар мен жастарға ерекше сый жасады. Компания демеушілігімен бой көтерген сәулетті сарайдың аумағы 18 833 шаршы метрді құрайды.

Оқушылар шыңдалатын орда

Аталған  ғимараттың құрылысы 2018 жылы басталған еді. Ғимаратта  төрт қабат бар. Мұнда оқушылар мен жас­тар шығармашылық  қабілетін,  спорттық шеберлігін шыңдайды. Сон­дай-ақ сарайда ғылым мен техника, өнер, мәдениет және спорт секілді сала­ларға қатысты жеті бағытта 63 үйірме жұмыс істемек.

– Оқушыларға ұлттық мәдениетіміз бен салт-дәстүріміз туралы мағлұмат алуға, планетарийден аспан әлемімен танысуға мүмкіндік жасалып отыр. Мұнда  күніне екі ауысымда 1 500 бала өнермен, спортпен, шығармашылықпен шұғылдана алады. Оқушылар мен жастардың қабілетін түрлі бағытта шыңдау үшін  200-ден астам мұғалім жұмыспен қамтылады, – дейді  Атырау қалалық білім бөлімінің басшысы Феруза Шаңгереева.

Қала көркіне сән берген әсем сарай­дың жұмысы  1 қыркүйекте басталады деп күтілуде.

 

АТЫРАУ

 

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше