Аймақтар • 16 Шілде, 2020

Маңғыстауға әскери дәрігерлер мен жас мамандар келді

393 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет басшысы Асқар Маминнің тапсырмасына сәйкес, облыс әкімдігі өңірдегі коронавирусқа қарсы күресті күшейту мақсатында медицина мамандарын алдыртуда. Бұл туралы Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығы хабарлайды.

Маңғыстауға әскери дәрігерлер мен жас мамандар келді

Маңғыстаулық науқастарды емдеуге 12 әскери дәрігер жұмылдырылады. Оның 10-ы бүгін Шығыс Қазақстан облысынан келді. Бұл мамандардың алтауы Семей қаласынан және төртеуі Өскемен қаласынан келді. Ал, екеуі Ақтаудағы 25744 әскери бөлімінің дәрігері.

Сонымен қатар, бүгін өңірге Ақтөбе қаласындағы медицина университетін бітірген 10 жас маман келді. 18 шілде күні тағы 6 дәрігер жұмыстарын бастайды. Сол университетті тәмамдаған 5 маман бұған дейін Ақтауға келген болатын. Тағы 5 дәрігер қазір Ақтөбеде жұмыс істеп жатыр, тамыз айында жұмыстарын бітіріп, Ақтауға келеді.

Жалпы, Маңғыстауға 26 жас маман келеді. Оның 15-і интернатураны, 7-і резидентура бітірген дәрігерлер. 4 ақтөбелік маман Маңғыстауда тұрақты түрде еңбек етуге ниетті.

Ақтөбеден бүгін келген 10 маманның алтауы маңғыстаулық, төртеуі Ақтөбе қаласының тумасы.