16 Шілде, 2020

Елордада маса мен шыбын-шіркейлерге қарсы дезинфекция жалғасуда

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаланың кварталішілік аумақтары мен қоғамдық орындарды өңдеуге ерекше көңіл бөлінеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты хабарлайды, деп жазады Egemen.kz

Елордада маса мен шыбын-шіркейлерге қарсы дезинфекция жалғасуда

Елордада маса мен шыбын-шіркейлерге қарсы дезинфекция жұмыстары жалғасуда. 15 шілдеде зиянкестерге қарсы өңдеудің кезекті, төртінші кезеңі басталды. Қалалық қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы бастығының орынбасары Жанар Бескемпірова дезинфекция жұмыстары елорданың барлық төрт ауданында бір уақытта басталғанын айтты.

– 15 күннің ішінде жұмыс бүкіл қала бойынша, оның ішінде шет аймақтарда да жалғасады. Өңдеу кезінде масаларға қарсы "Агран", шыбын-шіркейлерге қарсы "Фаскон" сияқты препараттар қолданылады, – деп түсіндірді Ж.Бескемпірова.

Жұмыс масалардың үнемі өсу-көбею орындарында және елорданың айналасындағы барлық су қоймаларында, қорғаныс тосқауылында жүргізілетін болады. Қаланың кварталішілік аумақтары мен қоғамдық аумақтарды – көшелер, саябақтар мен скверлерді өңдеуге ерекше көңіл бөлінеді. Жалпы осы жазда зиянкестермен күресудің бес кезеңі өтеді.