Аймақтар • 15 Шілде, 2020

Павлодарда № 3 қалалық ауруханаға медициналық құрал-жабдықтар әкелінді

99 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1,5 млн теңгеге «Nur Otan» партиясының Павлодар қалалық филиалы, қала кәсіпкерлері және қалалық маслихаттың депутаттары көмек көрсетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодарда № 3 қалалық ауруханаға медициналық құрал-жабдықтар әкелінді

Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, медициналық құрал-жабдықтардың ішінде тонометр, зарарсыздандыру және дезинфекция жұмыстарын жүргізуге арналған ыдыс-аяқтар мен 200 жиынтық төсек-орын бар.

- Мұндай көмек түрі алтыншы рет көрсетілуде. Бұған дейін 8,5 млн теңгеге Баянтау, Мойылды провизорлық орталықтарына және психо-неврологиялық диспансерге де дәрі-дәрмектер әкелінді. Ал медициналық құрал-жабдықтар түрінде көмек бүгін бірінші рет ұсынылды, - дейді әкімдікте.

Айта кетерлігі, бұған дейін әкелінген дәрі-дәрмектер сомасын қосқанда 10 млн теңгеден астам қаржыға көмек көрсетілді.