Аймақтар • 16 Шілде, 2020

Еліміздің ең ірі автомобиль холдингі пандемиямен күреске атсалысады

246 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Еліміздің ең ірі автомобиль холдингі пандемиямен күресте отандық денсаулық сақтауға қолдау көрсетуді жалғастыруда. "БИПЭК АВТО — АЗИЯ АВТО" компаниялар тобы қазақстандықтарға көмек ретінде Өскеменде шығарылған  LADA автомобильдерінің кезекті партиясын берді.

Еліміздің ең ірі автомобиль холдингі пандемиямен күреске атсалысады

Ерікті-жүргізушілерімен бірге LADA маркілі тоғыз автомобиль Шығыс Қазақстанның облыс орталығында инфекциямен күресушілердің қолдануына берілді. Компания коронавирусқа қарсы әрекет етуге өз үлесін бірінші рет қосып отырған жоқ. Бұрын "БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТОНЫҢ" екі жүздеген еріктілер экипажы COVID-19-бен күресу үшін Қазақстанның әртүрлі өңірлеріне жіберілген, ТЖ режимі кезеңінде холдинг жедел қызметтер мен еріктілердің қарамағына "вирусқа қарсы" жұмыс істеу үшін 80 жаңа автомобиль берген. 

"Коронамобильдер" экипаждарының алдына медперсоналды, дәрі-дәрмектер мен қорғаныс құралдарын тасымалдау сияқты оңай емес және отандық міндеттер қойылды. 

Ренат Мухамедов, "БИПЭК АВТО Қазақстан" АҚ сату департаментінің директоры:

- Өкінішке орай, эпидемия жүздеген отандастарымыздың өмірін алып кетті. Бүгінгі күні республикамыздың 25 мыңнан астам тұрғыны COVID-19-бен күресуде. Олардың ішінде екі мыңдай адам Шығыс Қазақстанда ауырып жатыр. Осы адамдарды жедел қолдау қажет. Біздің LADA Granta және LADA Largus автомобильдеріміз инфекцияға қарсы тұруда таптырмас көмекшілер болады деп үміттенеміз. Барлық қазақстандықтарға мықты рух мен оптимизм тілейміз! Біз бірге бәрін еңсереміз. Барлығы жақсы болады.

Дәл осы – "Бәрі жақсы болады" деген рухтандыратын ұран компания берген автомобильдерге жазылады.

Бензин, сақтандыру, сервистік қызмет көрсету, қосалқы бөлшектерді қоса алғанда барлық көлік шығындарын және жүргізушілердің жалақысын "БИПЭК АВТО — АЗИЯ АВТО" өзі төлейді. 

Қазақстандағы коронавирустың алғашқы толқынының қорытындылары бойынша еріктілердің жұмысын қамтамасыз етуге және автомобильдерге қызмет көрсетуге арналған "БИПЭК АВТО — АЗИЯ АВТОНЫҢ" жалпы шығындары 73 млн теңгені құрады. Олардың ішінде, холдингтің ЖЖМ арналған шығындары – 13 млн теңге (84 мың литр бензин). Жүргізушілердің жалақы қоры – 48 млн теңге. 

Сондай-ақ компания ШҚО ауруханаларына, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскерилерге 10 мың қорғаныс маскасын тегін берді.

Ермек Омарбеков, Өскемендегі "Ана мен бала орталығы" балалар ауруханасының директоры:

- Біз медицина қызметкерлері мен Шығыс Қазақстанның тұрғындарына көрсеткен көмектері үшін "БИПЭК АВТОҒА" өте ризамыз. Компания берген мобильдік бригадаларға арналған автомобильдер осы қиын уақытта шақыртуларға, біздің науқастарымызға көмек көрсетуге барады. Карантин күшейтілген кезеңде "БИПЭК АВТО - АЗИЯ АВТО" компаниялар тобы өз қызметінің әлеуметтік бағытын тағы да бір рет дәлелдеп отыр. Біз біргеміз!

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20