Спорт • 17 Шілде, 2020

2026 жылға ауыстырылды

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2022 жылға жоспарланған жасөспірімдер арасындағы Дакар (Сенегал) Олимпиадасын 2026 жылға ауыстырды, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.

2026 жылға ауыстырылды

Шешім ХОК басшысы Томас Бах пен Сенегал президенті Маки Саллдың екі күн бұрын болған әңгімесінен кейін қабыл­данған. Коронавирус пандемиясына байланысты 2020 жылғы Токио Олим­пиадасының кейінге шегерілуі барлық спорт­тық додаларға кері әсерін тигізіп жатыр. Індеттің таралуының салдарынан жас­өспірімдер Олимпиадасы да төрт жылға ке­йінге қалдырылды.

ХОК сессиясы бүгін өтеді, жиын барысында Олимпиада мерзімінің ауысқаны мақұлданады. Айта кетерлігі, Сенегал 2022 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасына жалғыз үміткер болған.