Атырауда қауіпті індетке шалдыққан науқастарды емдеуде жанын берген дәрігердің бірі – Жұмабек Дәулетов. Бала кезінен адам жанының арашасы болуды көздеп, Ақтөбедегі медицина институтына оқуға түсті. Алты жыл бойы жүрегі қалаған мамандығының қыр-сырына қанығып, еңбек жолын 1981 жылы Балықшы аудандық ауруханасында бастаған.

Медицина саласында 40 жылға жуық еңбек етті. Әріптестерінің айтуынша, осы мерзімде арына да, ақ халатына да дақ түсірмеді. Үнемі ізденді. Мамандығына адалдығынан айнымады. Дертіне шипа іздеп келген науқастардың үлкенін туысындай, кішісін баласындай көрді. 1998 жылы №2 облыстық инфекциялық ауруханаға ауысты.
– Жұмабек Бағытұлы бұл ауруханада алғашқыда реанимотолог, кейін өмірден өткенге дейін инфекционист болып еңбек етті. Аймаққа есімі кеңінен тараған дәрігердің уақытпен санасқанын көрмедік. Өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қараушы еді, – дейді №2 облыстық инфекциялық аурухана директорының кеңесшісі Аслан Жеңісұлы.
Онымен әріптес болғандардың бәрі адами болмысы ерекше екенін алға тартады. Өйткені Жұмабек Дәулетов 40 жылға жуық дәрігерлік еңбек жолында оба, холера, сібір жарасы секілді вирусты індетпен ауырған жандарға емімен де, жылы сөзімен де шипа дарытты. Ауруханада жетіспейтін дәрігерлердің міндетін қоса атқарудан ешқашан тартынбады. Тіпті, талай рет қан қысымы көтеріліп отырса да, жұмыс орнын тастап кетпегенінен кәсібіне адалдықтың үлгісі байқалады.
– Ол дәрігерлік антына адал, ақ халаты секілді жүрегі мейірімге толы, пейілі кең, таза жан, жас буынға ақылын айтып, жөн сілтер тәлімгер болды. Ұдайы ақ халатымыздай арымыз да таза болуы керек дегенді айтып отыратын, – деп қимастықпен еске алады әріптестері.
Облыстық медициналық жедел жәрдем стансасының фельдшері Алмагүл Демесінованың жасы елуге де толмаған екен. Бірақ еңбексүйгіштігімен, ақкөңілдігімен әріптестерінің есінде қалды. Өйткені ол да қауіпті індетке қарсы күрестің алғы шебінде жүрді. Сөйтіп, өз өмірін құрбан етті.
Әріптестерінің пікіріне сүйенсек, Алмагүл Демесінова 1991 жылы Гурьев медицина училищесіне «фельдшер» біліктілігі бойынша оқуға түсті. Училище қабырғасындағы алғашқы күннен зеректігімен, тапқырлығымен қатарластарынан ерекшеленіпті. Оқуын бітірген соң бірден облыстық жедел жәрдем стансасына жұмысқа орналасқан.
– Алмагүл ешқашан тартыншақтамайтын. Жұмыс десе жанып түсетін еді. Біз оны әрқашан мақтан тұтушы едік. Бәріміз де әйелміз ғой. Ал ол бәрімізден өзгеше болатын. Уақытпен санасуды білген жоқ. Кейде жедел жәрдемге баратын бригадада фельдшер жетіспей жатады. Сондайда ауысымы аяқталғанына қарамастан, шақыртуға кете беретін. Жастарға өмірлік тәжірибесін үйретуден де жалыққан жоқ, – дейді облыстық жедел жәрдем стансасы директорының орынбасары Гүлнафис Рахметова. – Оның атына пациенттерден ұдайы алғыс хат жиі келетін. Бұл да Алмагүлдің өз ісін абыроймен атқарғанына куә боларлық дерек. Наурыздан бері қауіпті індетке қарсы күрес бригадасында еңбек еткен еді.
Бір өкініштісі, тажалға қарсы тұрған ақ халатты жандар көп жылғы еңбегінің еленгенін көре алмады. Дегенмен Президент Жарлығымен Жұмабек Дәулетов «Құрмет», ал фельдшер Алмагүл Демесінова ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Әрине, өмірден өткен соң...
АТЫРАУ
Аймақтар • Кеше
Тауар тасымалы: Табыстан гөрі тұрақтылық маңызды
Экономика • Кеше
Қазақстан • Кеше
Түркия мен Израиль қарым-қатынасы қайта жанданды
Әлем • Кеше
Қоғам • Кеше
Спорт • Кеше
Елімізде «жамау» мектеп әлі бар
Білім • Кеше
Әдебиет • Кеше
Жырдың жезкиігі Ақын Кәкімбек Салықов жайлы толғау
Әдебиет • Кеше
Ескі жүйеден есті жүйеге көшу маңызды
Сұхбат • Кеше
Қазақстан • Кеше
Тарих • Кеше
Патриотизм – елін білімімен, еңбегімен көркейту
Қазақстан • Кеше
Көлсайға кел, кереметті көзбен көр
Туризм • Кеше
Спорт • Кеше
«Сұлтан Бейбарыс»: Билік философиясы
Кино • Кеше
Кәсіпорындар кодекс талабын орындай ала ма?
Экология • Кеше
Кино • Кеше
Өнер • Кеше
Абай облысында студенттер есірткімен ұсталды
Оқиға • Кеше
ШҚО-да барлық мектеп бес күндік оқу аптасына көшеді
Аймақтар • Кеше
Жеті өңірде 2 градус үсік жүреді
Ауа райы • Кеше
Қарағандыда 3 жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті
Аймақтар • Кеше
Елордада шекарашылардың құрметіне ескерткіш орнатылды
Елорда • Кеше
Бестөбедегі шахтада тағы бір адам көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Дархан Қыдырәлі Қазақстанның Мароккодағы елшісімен кездесті
Қазақстан • Кеше
Алтын құймалар көп сатылатын қалалар аталды
Қоғам • Кеше
Қостанай облысында судья пара алу кезінде ұсталды
Оқиға • Кеше
Магистратураға түскендер тізімі қашан жарияланады
Білім • Кеше
Президент «Шевронның» бас атқарушы директорын қабылдады
Президент • Кеше
Қостанайда бюджеттен ақша жымқырғандар сотталды
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар