Аймақтар • 17 Шілде, 2020

Түркістанда селден зардап шеккен 42 отбасы тамызда жаңа баспанаға кіреді

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Төлеби ауданында 13 мамыр күні қатты жауын-шашын салдарынан су арналары тасып, сел орын алған болатын.

Түркістанда селден зардап шеккен 42 отбасы тамызда жаңа баспанаға кіреді

Салдарынан үйлерді су басып, зақымданды. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, аудандағы 42 үй жарамсыз деп танылып, жаңа баспаналардың құрылысы басталған-ды.

Бүгінде салынып жатқан үйлердің құрылысы аяқталуға жақын. Жалпы 42 үй тамыз айының басында толық аяқталып, иелеріне табысталатын болады. Ол баспаналардың 17-сі – Леңгір қаласында, 2-і – Киелітас, 22-сі – Сұлтан-Рабат, 1-і – Ынтымақ ауылдарында соғылуда. Қазіргі таңда 22 үйдің шатыры жабылып, терезелері орнатылған. Ішкі электр желісін, жылу жүйелерін жүргізу мен ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүруде. Баспаналардың жалпы аумағы – 2640 шаршы метр. Үйлердің құрылысын 9 мердігер мекеме жүргізуде.