Аймақтар • 17 Шілде, 2020

Түркістанда өзі баққан малды ұрлап, сатқан бақташы ұсталды

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Шардара ауданының тұрғыны сәуір айында қорадағы малын жергілікті бақташыға сеніп тапсырған. Үш ай өте малдарын санағанда едәуір бөлігі жоқ болып шыққан.

Түркістанда өзі баққан малды ұрлап, сатқан бақташы ұсталды

Аудандық полиция бөліміне арызданған ол 570 бас қойы жоғалғанын хабарлайды. Бұл жайтты ҚР ҚК-нің 189-бабы “Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету” бойынша СДТТБТ-ға тіркеген Шардара АПБ полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасы барысында қой ұрлауға қатысы бар бақташыны, яғни жергілікті тұрғынды құрықтады. Анықталғандай, күдікті малдардың көп бөлігін иемденіп, сатып, ал ақшасын өз қажеттілігіне жұмсаған. Жалпы жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 28,5 миллион теңгеден асты.

Полиция бөлімінің хабарлауынша, қазіргі уақытта бөтен мүлікті иемдену және ысырап ету фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қолхатта. Полиция қызметкерлері істің толық мән-жайын анықтауда.