Қазақстан • 17 Шілде, 2020

Ақтөбеде Армениядан әкелінген 480 көлік тіркелді

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысында Армениядан әкелінген 480 көлік тіркелді. Бұл туралы Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Ақтөбеде Армениядан әкелінген 480 көлік тіркелді

Биыл 1 маусымнан бастап Үкімет қаулысына сәйкес елде Қазақстан Республикасы азаматтарының атына Қазақстан Республикасы аумағына Армениядан 2020 жылғы 1 ақпанға дейін кіргізілген, басқару құрылғысы сол жақта орналасқан көлік құралдарын тіркеу басталды.

– Көлік құралдарын тіркеу үшін көлік иелеріне жеке басын куәландыратын құжат, алым мен баждарды төлеу туралы құжаттар, көлікті тіркеу туралы куәлікті және Армения Республикасының уәкілетті органында берілген мемлекеттік тіркеу нөмір белгілерін ұсынуы қажет. Сондай – ақ құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аударылып, нотариуспен расталуы тиіс, – деді Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Ерлан Алимагамбетов.

Е.Алимагамбетовтың айтуынша, Армениядан әкелінген көлік құралдарын тіркеу ережелерін түсіндіру үшін Полиция департаментінде Call-орталығы жұмыс істейді. 525-100 телефоны бойынша қоңырау шалып, Көлік құралын тіркеу жайында кеңес алуға болады. Көліктерді тіркеу уақытынан бастап колл-центрге 380-ге жуық адам хабарласып, мамандандырылған халыққа көмек көрсету орталығына 490-тан астам адам жолығып, 1,7 мыңнан астам адам кеңес алды. Армения Республикасынан әкелінген 480 көлік құралы есепке алынғанын  толықтырып өтті.