Құтқарушылар күн сайын су айдындарында рейдтер мен патрульдеу жүргізеді. Суға шомылу маусымы басталғаннан бері құтқарушылар су айдындарында 48 адамды, оның ішінде 11 баланы құтқарды. Сонымен қатар адамдар өз күштерін бағаламай, салғырттық танытып, суға шомылу үшін жабдықталған орындарда да суға батып көз жұмады.
Әрбір адам суға шомылатын су айдынының қауіпті орындары мен ерекшеліктерін білуі тиіс, өйткені жабдықталмаған жерлерде үйінділер, су басқан бөренелер, темір кесектері, шыны және басқа да заттар болуы мүмкін. Жақын келе жатқан катерлерге, кемелерге және моторлы қайықтарға жүзіп өту өте қауіпті, өйткені жүзу құралдарының түбінің астында жүзіп келе жатқан адамды сумен жалғаған жағдайлар орын алды.
Жазғы демалыс уақытында балалардың су айдындарына, суармалы арықтар мен каналдарға жақын жерде болуына ата-аналар жауапты екенін ерекше атап өткіміз келеді.
Сонымен бірге, суға шомылу маусымы басталғаннан бері (а.ж. 1 маусым мен 16 шілде аралығында) суға шомылу, суға батып бара жатқан адамды құтқару кезінде өз күшін бағаламау, мас күйінде суға шомылу,балаларды ересек адамдардың қарауынсыз қалдыру салдарынан еліміздің су айдындарында 122 адам ( 2019 жылы 167), оның ішінде 35 бала (2019 жылы 61 бала) суға батып, көз жұмды.
Тек осы аптаның 4 күні ішінде осы жылдың 13-16 шілде аралығында суда 19 адам, оның ішінде 6 бала суға шомылу кезінде көз жұмды.
Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 16 шілдеде өткен тәулікте Атырау облысы Құрманғазы ауданының Амангелді ауылынан 15 шақырым жердегі Қиғаш өзенінде жабдықталмаған орында суға шомылу кезінде, Қарағанды облысы Абай ауданының Вольный кентінде жасанды су айдынында, Қостанай қаласының Тепличный комбинат ауданындағы Тобыл өзенінде, Ақмола облысы Атбасар ауданының Атбасар қаласынан 2 шақырым жердегі Жабай өзенінен қайықтың көмегі арқылы өту кезінде 4 адам су батып, көз жұмды.
Судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысы ТЖК-ның ерекше бақылауында. Адамдардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ТЖК Полиция департаментімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар кешенін өткізуде.