Елорда • 17 Шілде, 2020

Нұр-Сұлтанға 23 тоннадан астам дәрі-дәрмек жеткізілді

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанға Covid-19, пневмония және басқа да бірқатар ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектердің тағы бір партиясы келді. Бүгін елордаға жүк ұшағымен (Үндістаннан) және жүк көліктерімен дәрі-дәрмектер жеткізілді. Дәрілердің жалпы салмағы 23 тоннадан асады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Нұр-Сұлтанға 23 тоннадан астам дәрі-дәрмек жеткізілді

Бұл тауарлар гуманитарлық көмек емес, оларды дәріхана желілерінің дистрибьюторлары сатып алған. Үкімет пен әкімдік дәрі-дәрмекті сатып алу және жеткізу процедураларын жеңілдету, логистика бойынша қолдау көрсетеді.

Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша дәріхана желілерінің дистрибьюторларына дәрі-дәрмектерді сатып алуға айналым қаражаты бөлініп, тасымалдауға көмек көрсетілуде.

Осылайша, бүгін дәріхана жүйелерiнің дистрибьюторларымен елордаға ксарелто, ингавирин, клексан, парацетамол, тромбо АСС, азитромицин, анаферон, сумамед, лидокоин, кардиомагнил, цефтриаксон, эргоферон және т.б. жеткізді.

Ірі дәріхана желілерін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Еске сала кетейік, осы аптаның басында елордаға жүк ұшағымен 30 тоннадан астам дәрі-дәрмек жеткізілген болатын. Сондай-ақ жақын күндері елордаға 22 тоннадан астам дәрі-дәрмек келеді. Дәріханаларды дәрі-дәрмектермен қамту жұмыстары тұрақты негізде жүргізілетін болады.