Елімізде бірнеше облыстың лауазымды қызметкерлеріне тергеу ісі басталды. Бұл туралы бүгін онлайн бринфингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері хабарлады, деп жазады Egemen.kz

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Нұр-Сұлтан қаласы Қорғалжын тас жолының оңтүстігінде орналасқан тұрағы бар көп пәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы" нысанын салу мен пайдалануға беру үшін бөлінген 200 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша "Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасы" ММ-нің бұрынғы басшысына және басқа тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі келесідей тергеу істерін бастады:
Павлодар облысы бойынша жалпы сомасы 2,6 млн теңге болатын мердігердің іс жүзінде орындалмаған жұмыстардың атқарылуы туралы жалған актісіне қол қою арқылы бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша облыс әкімдігі басқармаларының бірінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
***
Павлодар облысы бойынша жалпы сомасы 19 млн теңге болатын мердігердің іс жүзінде орындалмаған жұмыстардың атқарылуы туралы жалған актісіне қол қою арқылы бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша Павлодар облысы Павлодар ауданы әкімдігінің бөлімдерінің бірінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.
***
Жалпы сомасы 4,7 млн теңге болатын мердігердің іс жүзінде орындалмаған жұмыстардың атқарылуы туралы жалған актісіне қол қою арқылы бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша Екібастұз қаласы әкімдігі бөлімдерінің бірінің бұрынғы басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.
***
Алматы облысы Қапшағай қаласының ірі бизнес субъектілерінің салық және бюджетке қажетті төлемдер төлеуден жалтару үшін жағдай жасау мақсатында жеке тұлғаларға жалған есепшоттар беретін коммерциялық ұйымдарды тіркеген Қапшағай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының салықтық бақылау бөлімінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Ол 2017 жылғы қараша және 2020 жылғы сәуір айлары аралығында аталған тұлғалардан жалған мәмілелер сомасының 5-7% көлемінде ақшалай қаражат алып отырған, соның нәтижесінде мемлекетке 116,3 млн. теңге көлемінде салық төлемеу түрінде материалдық шығын келген.
***
Алматы облысының "03825 әскери бөлімшесі" РММ командирі мен осы бөлімшенің бөлім басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады. Әскери бөлімшенің командирі келісімшарт бойынша әскери қызметшіден тәртіптік жазаны алып тастау үшін пара алуда, бөлім басшысы аталған факт бойынша пара беруге делдал болуда деген күдікке ілінді.
***
Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жеке қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп, Қызылорда облысы бойынша Полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім басшысын сыбайлас жемқорлық қылмысын жасауда әшкереледі. Ол есірткі құралдарын өндіру барысында жалпы қамқорлығы үшін 500 мың теңге сомасында пара алуда күдікке ілінді.
***
Атырау облыстық Полиция департаментімен бірлесіп аталған өңірдегі Полиция департаментінің балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің басшысын әшкереледі. Ол частик тұқымдас балықтарды аулаумен және сатумен айналысатын ЖШС басшысынан кәсіпкерлік қызметті кедергісіз жүзеге асыру және жалпы қамқорлығы үшін 1,5 млн, теңге көлемінде пара алуда күдікке ілінді.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жетелдетілген тәртіпте аяқталды (ҚПК 190-бабына сәйкес) және аталған лауазымды тұлға сотқа берілді.
***
Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасының "Жуалы ауданының орталық аудандық ауруханасы" ШЖҚ МҚК лауазымды тұлғаларына қатысты медқызметкерлердің шағымдары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу COVID-19 коронавирус инфекциясының пандемиясы жағдайында эпидемияға қарсы шаралар үшін осыған дейін еңбекақыға аударылған қосымша үстемақыдан ақша қаражатын иемдену фактісі бойынша жүргізілуде.
***
Түркістан облысы, Жетісай ауданының Мұратбаев атындағы гуманитарлық-техникалық колледжінің бағдарламалау бөлімінің меңгерушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады. Ол азаматтардың "грант" мемлекеттік бағдарламасы бойынша колледжге тегін оқуға кедергісіз түсуі үшін 400 мың теңге сомасында қаражатты алаяқтық жолмен иемденуде күдікке ілінді.
***
Өзін 2019 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі аралықта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкері ретінде таныстырып, республика аумағында бірқатар алаяқтық әрекеттер жасаған азамат "А"-ға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол мемлекеттік басқару саласындағы мәселелерді оң шешу үшін азаматтардың 80 млн теңге сомасындағы қаражатын алдау арқылы иемденуде күдікке ілінді.
Жоғарыда аталғандарға ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
Балалар демалысына 130 миллион теңге бөлген
Қоғам • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өзге тілді сыныптарда қазақ тілі қалай оқытылады?
Білім • Кеше
Аймақтар • Кеше
Щучинск қаласы Абылай хан атана ма?!
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Қанағатпен өмір сүретін шенеунік қайда?..
Қоғам • Кеше
Абай ілімін ашу – рухани кемелденуге апарар жол
Абай • Кеше
Экономика • Кеше
Экономика • Кеше
Көпбалалы аналардың қолдаушысына айналған орталық
Аймақтар • Кеше
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Таным • Кеше
«Барыс» «Автомобилистен» жеңілді
Спорт • Кеше
«Испания Вуэльтасына» қатысады
Спорт • Кеше
Ұстаз еңбегінің ұлағатын асырған
Білім • Кеше
Ұлттық ойындар – құнды мұрамыз
Ұлттық спорт • Кеше
Кино • Кеше
Теннис • Кеше
Жаңаөзенде мектеп жанында жол апаты болды
Оқиға • Кеше
Алматы облысының Мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы келді
Тағайындау • Кеше
Қазақстанның экспорты 6 айда 56,3% - ға өсті
Экономика • Кеше
Ғылым және жоғары білім вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қазгидромет биылғы бидай өнімділігіне болжам жасады
Қазақстан • Кеше
Ерлан Тұрғымбаев қызметінен босатылды
Қазақстан • Кеше
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы СҚО-ға жетті
Медицина • Кеше
Әлихан Смайылов TAV Airports Holding басшысымен кездесті
Үкімет • Кеше
Шымкенттік шенеунік жолға бөлінген 747 млн теңгені жымқырған
ANTIKOR • Кеше
Елордада 2 мың орынға арналған мектептер салынады
Білім • Кеше
Ұқсас жаңалықтар