Аймақтар • 19 Шілде, 2020

Өмірзақ Шөкеев: Түркістан тұрғындары ауызсумен толық қамтамасыз етілуі тиіс

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан қаласында тұрғындарды орталықтандырылған ауызсу жүйелерімен  қамтамасыз ету жұмыстары 98,9% - ға орындалған, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Өмірзақ Шөкеев: Түркістан тұрғындары ауызсумен толық қамтамасыз етілуі тиіс

Облыс орталығында тұратын 171 919 тұрғынға тіршілік нәрі Біресек-Хантағы және Мырғалымсай су көздерінен магистралды су құбыры арқылы жеткізіледі. Ұзындығы – 37,2 шақырым суаққының жалпы қуаттылығы – тәулігіне 40 мың текше метр.

Құрылысы жаңадан салынып жатқан әкімшілік-іскерлік және мәдени-рухани орталығындағы нысандарды үздіксіз сапалы ауызсумен қамтамасыз ету үшін, облысы әкімдігі тиісті министрліктермен бірлесе Жол картасын әзірлеген. Жоба бойынша қашықтығы 45,9 шақырым магистралды суаққының құрылысын салу жоспарланған. Қазіргі таңда оның 15,1 шақырымы аяқталды. Сондай-ақ, Кентау қаласынан Түркістан қаласының резервуарына дейін магистралдық су тарқыш салу жобасы іске асуда. Облыс бюджетінен жүзеге асатын жоба бойынша сыйымдылығы 2х10000 м3 топтамасы мен Оранғай, Біресек, Мырғалымсай сыртқы су жүйелерінің құрылысы, 5 дана су ұңғымасын қазу жұмыстары  қаралған. Жұмыс кестеге сәйкес жүруде.

Р

Облыс орталығын орталықтандырылған ауызсу жүйелерімен  қамтамасыз ету жұмыстарын бақылап, жаңадан салынып жатқан магистралдың сапасын тексерген облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жауапты сала басшыларына тұрғындарды толық таза сумен қамтамасыз етуді тапсырды.