Ақсу қаласы аумағына қарасты Айнакөл ауылына 2018 жылы «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша су құбырының құрылысы басталып, көптен күткен су келеді деп тұрғындар ерекше қуанды. Бірақ жобаға сай құрылыс жұмыстары аяқталғанымен, құбыр арқылы келетін су бір күн болса, бір күн жоқ.

Коллажды жасаған Амангелді Қияс, EQ
Айнакөл аталатын жарқыраған көлдің, Ертіс өзенінің жағасында орналасқан Айнакөл ауылы суға зәру дегенге тіпті сенгің келмейді. Бірақ жағдайдың шындығы осы. Ауылдықтар су құбыры тартылып, жеке су сорғысы, сүзгісі болады деген құрылыстың соңына дейін жеткізілмегеніне ренішті. Құрылысы басталған Айнакөл ауылының су құбыры облыс орталығына қарасты Ленин кентіне жалғанатыны туралы алдын ала ауыл тұрғындарына айтылмаған. Су құбыры құрылысы аяқталған соң үйге келетін су сыздықтап, тамшылап қана аға бастайды. Судың қысымы аз, тіпті кейде сары су ағады.
Жергілікті әкімдіктен «су құбырын неліктен кентке қосып жалғап жібердіңдер, содан бізге су жетпеуде» деген ауыл тұрғындарының сұрауына орай түрлі сылтаулар айтылып, түсініксіз жауаптар берілуде. Биыл мамыр айында Айнакөлдің су құбырын жауып тастады. Бұған қатысты облыстық Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы тарапынан тұрғындар таза суды тек ауызсу ретінде ғана емес, тұрмыстық қажеттіліктерге, бау-бақша суаруға пайдаланып, ысырап етуде. Судың жеткіліксіз келіп, тамшылап қалғанының себебі осыдан деген сөз айтылды.
Жергілікті әкімдіктердің мәліметінше, Ленин кентінде де тұрғындар ауызсумен бау-бақша суарады. Содан су қысымы төмендейді. Айнакөл ауылына судың жетпей тұрған себебі осы. Ленин кенті тұрғындары, керісінше айнакөлдіктер ауызсумен бақша суарады, сондықтан су бізге де жетпейді деп дабыл қағады.
Әйтсе де, тұрғындарды қыста мал, жазда бау-бақша суарады, судың жетіспеуіне өздері кінәлі деуге болмас. Мәселе мынада: егер қала, ауыл әкімдіктерінің коммуналдық шаруашылық мекемелері алдын ала дайындалып, талап пен тәртіпке сай тариф бекітіп, есептеуіштерді әр үйде орнату жұмысын жобамен қатарластыра жүргізген болса, бәрі де реттеліп, халық ысырапқа жол бермес еді.
– Бізде қанша су тұтынғанымызды растайтын есептеуіш құралдарға ешкім бекіткіш пломбалар қойған жоқ. Тұрғындарға су тұтынушысы ретінде ешқандай құжат берілмеді. Ай сайын төлемді қайда төлейтінімізді білмейміз, – дейді ауыл тұрғыны М.Асылханова.
Айнакөл ауылы Алғабас ауылдық аумағына қарайды, 637 тұрғын тұрады. Олар үйлеріне орнатқан жуыну бөлмесінің, дәретханасының су жылытқыш құрылғыларының игілігін көре алмауда. Айнакөлдіктер Ленин кентіне жалғанған ауылдың су құбырының жобасын қайтадан қайтаруды сұрауда.
Ақсу қаласының әкімі Балғабай Ыбыраев тұрғындармен кездескенінде: «Айнакөлдің су құбырын Ленин кенті су құбырынан ажыратамыз», деген. Яғни бұл мәселе қозғалды. Соған сәйкес, ауылдың жеке су ұңғымасы, су тазарту стансасы болады. Бірақ Айнакөлде жеке станса орнатылғанша тұрғындар суды кесте бойынша тұтынады делінді.
Ал облыс орталығы аумағына қарайтын Ленин атындағы кентте 10 мыңдай халық тұрады. Мәселенің мәнісіне келсек, кенттің су көлемін пайдалану қуаты шағын ауыл Айнакөлдің құбырын сусыз қалдырғандай.
Кент тұрғындарының талап-өтініштеріне орай «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасы» аясында 2 млрд теңге көлемінде қаражат жұмсалған орталықтандырылған су құбырының құрылысы былтыр маусым айында пайдалануға берілді.
Былтыр керісінше, кент тұрғындары наразылық білдіріп, «жылдар бойы орталықтандырылған су жүйесін күтіп едік. Енді ол пайда болғанымен, су жоқ. Судың жетпей тұрғанына себеп – кенттің су құбыры жүйесіне Айнакөл ауылының су құбырын қосып жібергендіктен», деген-ді.
Бірі үлкен кент, бірі шағын ауыл су құбыры үшін таласқа түскендей. Ленин кентінің де, Айнакөл ауылының да тұрғындары су құбырлары жобасының біріктірілгеніне наразы. Жергілікті әкімдіктер кезінде кентте қазылған әрқайсысының тереңдігі 420 метрді құрайтын 5 ұңғыманың қуаты Айнакөл ауылы мен 10 мың тұрғыны бар кентті сумен қамтамасыз етуге жеткілікті. Тіпті, қуатының 50 пайызы ғана жұмсалып тұр деп есеп берген-ді. Бірақ «әкімдер айтқан мол су әлі жоқ. Ауылға су жетер емес. Әкімдік болса, әзірше кешенді блок-модульді қолданыңдар деп отыр. Онда не үшін қыруар қаражат кетіріп құбыр салдық? Бұл қаржы сонда халықты кешеннен су алу үшін таңертең ерте кезекке тұрғызу үшін бөлінген бе?» дейді тұрғындар.
Кенттегі су құбыры жобасы жұмысын «Ай-Су мелиорация» серіктестігі жүргізген. Тұрғындардың айтуынша, кентті сумен толық қамту үшін 9 ұңғыма қазылуы керек екен. Бірақ тек 5 ұңғыма қазылған да, бұл жобаға Айнакөл ауылының құбырын жалғаған. Енді қазір су тазарту қондырғысынан Ленин кентіне қарай су жіберілсе, Айнакөл «қурап» қалады, ал Айнакөлге су жіберілсе, лениндіктер су таппай зар қақсайды.
Бұл мердігерлер қыруар бюджет қаржысына магистральды құбыр тарта тұрып, тұрғындарды әбігерге салды, сусыз қалдырды деген сөз.
Ақсу қаласы әкімдігінің мәліметінше, Айнакөл, Сынтас, Мәмәйіт Омаров, Еңбек, Алғабас ауылдарында су құбырлары «Ақбұлақ» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жүргізілген.
Ленин кентіндегі секілді Айнакөл мен Сынтас ауылдарында да мердігер ұйым – «Ай-Су Мелиорация» жұмыс істеп, 11 шақырымға құбыр салынып, 128 құдық орнатылып, 3 ұңғыма бұрғыланыпты. Кейін облыстық әкімдіктің шешімімен Ленин кентіндегі сорғы сүзу стансасына екі ауылды қосу үшін су құбыры жобасына түзету енгізілген.
Мәселенің мәнісіне келсек, өткен жылы облыстық әкімдік тарапынан, облыстың бұрынғы әкімі Болат Бақауовтың басшылығы кезінде «Ақсу қаласына қарасты Айнакөл ауылы мен облыс орталығына қарасты Ленин атындағы кенттің су құбырлары жүйесін біріктіру» жөнінде шешім қабылданған. Әкімдіктегі шенеуніктер осының арқасында 250 миллион теңге көлемінде бюджет қаржысын «үнемдедік» деген-ді. Бірақ облыстық Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің мәліметінше, Айнакөл, Сынтас ауылдарының су құбырларына тапсырыс беруші және «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасының» орындаушысы – Ақсу қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі. Бағдарламаға сай су құбыры құрылысына республикалық бюджет қаржысынан 398,2 миллион теңге бөлініпті.
Ал Ленин кенті үшін су құбырының құрылысына «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасы» аясында республикалық бюджеттен 2 млрд теңге бөлінген-ді.
Бұл қаржылар шын мәнінде мемлекеттің пайдасына үнемделді ме, жоқ әлде?.. «Үнемдеудің» соңында, жобаларды біріктіруде жемқорлықпен жалғасқан бір шикілік бар ма? Бірақ біздің жергілікті құқық қорғау орындары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері тарапынан ешқандай да бір ресми мәлімет айтылмай тұр.
Жіптің ұшы кімге барып тірелетіні әзірге белгісіз. Айнакөл мен Ленин кентінің орталықтандырылған су құбырлары құрылысына қатысты әлденеден секем алды ма, өңірдегі аудандарға жұмыс сапары барысында облыс әкімі Ә.Сқақов орталықтандырылған су құбырының құрылысы басталған бірнеше ауылға барып қайтты. Құрылыс барысы қатаң бақылауда екенін ескертіп кетті.
Тұрғындардың су құбырына таласқанындай бақылаусыз қалған мәселелерге тосқауыл керек. Қыруар қаражат «ұстағанның қолында, тістегеннің аузында» кетпеуі тиіс.
– Біздің міндетіміз – әр үйді ауызсумен қамту. Қазірден бастап тұрғындармен сөйлесіп, әр үйге желіні тарту керек. Су бағасы орталықтандырылған су құбырына қосылған үй санына байланысты. Неғұрлым көп қосылса, су бағасы соғұрлым төмен болады, – деді облыс әкімі.
Жуырда Алғабас ауылдық аумағы әкімдігінің бізге берген мәліметінше, «Қазір Айнакөл ауылында сорғы стансасын қайтадан жобалауға тендер жарияланыпты. Құрылыс жұмыстары 2021 жылға жоспарланған. Құрылыс нәтижесінде Айнакөл ауылының су құбыры Ленин кентінен ажыратылады. Қазір жұмыстар жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша суға тариф белгіленеді, тұтынылған суды есептеп, төлем алу қызметін жүргізетін ұйым анықталады».
Айнакөл ауылының су құбыры құрылысына бөлінген 2018 жылғы қаражат тиімді жұмсалған жоқ. Бұл сөзімізге тұрғындарды әбігерге түсірген жағдай дәлел. Қаржының қалай жұмсалғандығын құзырлы органдар анықтай жатар. Енді сорғы стансасын қайтадан жобалау, құрылысын салу үшін Үкіметтен қаржы сұрау барысында нендей уәж айтылады екен?
Әзірге тұрғындар ауыз суды белгіленген кесте бойынша алуда. Өйткені судың қысымы өте төмен. Олар бір шелек су алу үшін сағаттап күтуге мәжбүр.
Павлодар облысы
Әуе компанияларының табысы құлдырады
Экономика • Бүгін, 09:58
Қыстың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:26
Түркістанда 5 адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Аймақтар • Бүгін, 09:25
Коронавирус: Бір тәулікте 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:17
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • Кеше
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • Кеше
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • Кеше
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • Кеше
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Кеше
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Кеше
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Кеше
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Экономика • Кеше
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Кеше
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Кеше
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Кеше
Алматы облысында әйелдер колониясына тыйым салынған заттар жеткізілген
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Президент • 26 Ақпан, 2021
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қайырымды да батыл отандастарымызды марапаттады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты
Оқиға • 26 Ақпан, 2021
Бас прокуратура әлеуметтік желілерде митингке шақыруға байланысты үндеу жариялады
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • 26 Ақпан, 2021
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • 26 Ақпан, 2021
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен бірқатар лауазым өкілі тағайындалды
Президент • 26 Ақпан, 2021
Қазақстанның АӨСШК-ге төрағалығы бірқатар елге гуманитарлық көмек берді
Қазақстан • 26 Ақпан, 2021
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан биржалық крипто-айналымның 1% -ын өзінің биржаларына аударуды жоспарлап отыр
Қаржы • 26 Ақпан, 2021
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Елордада жексенбіде СОО-лардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда «Тәуелсіздіктің төл құрдастары» жобасы іске қосылды
Елорда • 26 Ақпан, 2021
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қымбатшылықтың себебін түсіндірді
Экономика • 26 Ақпан, 2021
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • 26 Ақпан, 2021
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • 26 Ақпан, 2021
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда жастарды жұмыспен қамтуға арналған меморандум жасалды
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
«Астана» велокомандасы Франциядағы жарысқа қатысатын спортшылар тізімін бекітті
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар