Әлем • 20 Шілде, 2020

АҚШ Литваға әскер жіберді

309 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

АҚШ-тың алдағы жылдары да Литваға оқу-жаттығу мақсатында әскер жіберіп тұратыны белгілі болды. АҚШ-тың Әскер министрі (Қорғаныс министрлігіндегі азаматтық лауазым) Райан Маккарти Вильнюске сапарынан кейін бұл елдің әскер саласына қомақты инвестиция құятынын байқап, АҚШ әскері бұл жерде де даярлануы керек деген шешім шығарды.

АҚШ Литваға әскер жіберді

news-front.info

Бұл үшін тіпті АҚШ-тың Гер­маниядағы әскері­нің са­ны қысқармақ. Республи­ка­лықтардың отырысында ГФР-де 34 500 әскерден 25 000 ғ­ана қалатыны белгілі болды.­ Алайда республикалықтар бұл өзгерістерге алаңдаулы. Олар­дың ойынша, бұл Ресейдің пайдасына аспақ. Ал Вильнюске сапарлап қайтқан Райан Мак­карти былай дейді: «Екі елдің қарулы күштеріне бірге жаттығып, біріккен операция­лар өткізген пайдалы болмақ. Бұл деңгейдегі серіктестік, қауіпсіздік пен тұрақтылық Литва ІЖӨ-нің 2 пайызын қарулы күштерді жаңғырту мен қару-жараққа жұмсаудың нәти­жесінде мүмкін болып отыр».

Келісімнің кәміл екенін ми­нистр­дің бірнеше айдан кейін Польшадағы АҚШ әс­керінің жартысы Литваға баратыны туралы мәлімдемесі нақтылай түсті. Әскер­дің нақты саны белгісіз, алайда бір батальоннан кем болмайтыны хабар­ланды. Ал 2022 жылға дейін Лит­ва жеріне АҚШ-тан бір рота көші­рілмек. 

«Алдағы бірнеше жылда Лит­вада түрлі әскери күштер қызмет ете­ді. Біздің әскерлеріміз одақ­таста­рымызбен иық тірес­тіре бірге жат­ты­ғады. АҚШ Ли­тваның НАТО бойын­ша одақтасы болып қала бер­мек. Ал одақтастардың негізгі міндеті – Еуропада қауіпсіздік пен тұрақтылықты қам­та­масыз етуге көмектесу», деді Маккарти. Сонымен қатар ол жұмыстардың барлығы келі­сіліп істелетінін және аймақ­тағы қорғанысты күшейтуге бағытталатынын ескертті.

Литва өз жерінде АҚШ-тың әскери әлеуетін күшейтуге қашанда мүдделі. 2019 жылдың қазан айынан бастап биылғы маусымға дейін Литвада Abrams танкілерімен АҚШ батальоны жаттыққаны белгілі. Онымен қоса Литва НАТО-ның ІЖӨ-нің 2 пайызын әскеріне жұмсайтын 9 мүшесінің қата­рына қосылды. Көп сарапшы­лар мұндай көрсеткішке Еуро­паның батысындағы елдер АҚШ президенті Дональд Трамп­тың қысымының арқа­сында қол жеткізді дейді. Ал Washington Post басылымы Литваның экономикасын ескере отырып, осындай өзгеріске қадам басқаны да АҚШ әскерін жіберіп, серіктестікті нықтай түсуге лайық етті деп жазады. «Германия әлемдегі төртінші ірі экономикаға ие. Соның өзін­де ІЖӨ-нің 1,38 пайызын ғана қорғаныс саласына жұмсайды. Ал НАТО-ның 2006 жылғы келісімі бойынша, мүше мемлекеттер ІЖӨ-нің 2 пайызын әскерге бағыттауға тиіс. Осы орайда Польша, Болгария, Румыния, Литва, Лат­вия, Эстонияның талапты орындағанын ескерсек, Германиядағы АҚШ әскерін аталған елдерге жіберу әбден құптарлық. Бұл олардың серіктесітігіне жауап болар еді», деп жазады АҚШ басылымы.

Бұл өзгерістерді НАТО-ның Ресей шекарасындағы күшін реттеу деп қабылдап жат­қандар да аз емес. Балтық елдерінің бұған дейін де АҚШ-пен үлкен сомадағы қорғаныс келісімдерін орнатқаны хабар­ланған-ды. Кейбірі мұны ресейлік агрессияның алдын алу десе, кейбірі күнтізбедегі кезекті мәселе ретінде түсінді­реді. Ал Мәскеу алдағы уа­қыт­та батыстағы көршілеріне қандай­да бір қысым көрсетуді жос­парламайтынын айтып ақталды.

Жалпы, Литва тарапы АҚШ әскерінің Еуропада орналасуы­на мүдделілігін жасырған емес. Өйткені әскери оқу-жат­­тығудың артында әскери әлеует­тің жаңғыртуына салынатын инвестиция да бар. Бұл көп­тен қолданылып келе жатқан тәжірибе. АҚШ әс­керінің биыл қай мемлекеттерді бағытқа алатыны келесі аптада хабарланады. Ал Литва 2030 жылға дейін әскерге ІЖӨ-нің 2,5 пайызын жұмсауды мақсат еткенін хабарлап үлгерді.

«Біз АҚШ-қа елімізге ор­на­ластырғанына шын ризамыз. Өйткені бұл – НАТО-ның Балтық теңізі аймағындағы әсерін нықтай түсетін фактор. Біз өз кезегімізде америкалық әскерлерге қолайлы жағдай туғызуға бар күшімізді сала­мыз. Сонымен бірге жаңа әскер күтетінімізді жеткіземіз», деді Лит­ва Қорғаныс министрі Рай­мун­дас Кароблис.