Қоғам • 20 Шілде, 2020

Бурабайға блокбекеттер қойылады

427 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Бурабай" ұлттық табиғи паркінде демалушылар санының күрт көбеюінен, енді шипажайға бару үшін блокбекеттер қойылатыны туралы ұсыныс жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Бурабайға блокбекеттер қойылады

"Бурабай" ұлттық табиғи паркінде демалушылар санының күрт көбеюінен, ине шаншар жер жоқ. Демалушыларға көлге түсуге тыйым салынған тақтайша тұрса да, елемей суға түсе береді.

Басшылықтың айтуынша, олар медициналық-санитарлық нормаларды сақтамайды. Жергілікті полиция өкілдері тиісті шараларды қолданғанымен, мұнымен туристерді қорқыту мүмкін еместігін атап өтті.

Тиісті шараларды қолдану негізінде, көпшілігі ауызша ескертулермен шектеліп қалады. Олардың тек 8-іне ғана айыппұл салынған.

"Енді демалушылардан жазбаша түсініктеме аламыз. Жеке куәліктерінің көшірмесін алып, әкімшілік тізімге тіркейміз. Кейін оны Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің тізіміне қосамыз", дейді Бурабай ауданы әкімі аппаратының басшысы Қасымхан Мәжіков.

Сонымен қатар Бурабай ауданының бас санитарлық дәрігері Сералы Жолдаспаев: "Адамдар аурудың қаншалықты қауіпті екенін әлі күнге дейін түсінбей жүрген сияқты. Сондықтан блокбекеттер қою арқылы адамдардың көбірек шоғырлануын, яғни аурудың белең алуын тиямыз. Ал демалушылардың жауапкершілігіне сенуден қалдық", дейді ол.