Білім • 20 Шілде, 2020

Елордаға келген жас педогог мамандарға жатақхана беріледі

3828 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елордаға басқа өңірлерден келген жас педогог мамандарға жатақхана беріледі. Бұл туралы қала әкімдігіне қарасты білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова онлайн брифингте айтты, деп жазады Egemen.kz

 

Елордаға келген жас педогог мамандарға жатақхана беріледі

Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова: "Оқу жылының соңына педагогикалық кадрға деген қажеттілік 842 адамды құрады. Негізінен бұл – орыс тілінде оқытатын бастауыш сынып мұғалімдері, орыс тілі мен әдебиеті, математика, информатика, ағылшын тілі, дефектологтер, логопедтер, сонымен қатар мектепке дейінгі арнаулы білімі бар тәрбиешілер қажет болып тұр", дейді онлайн-брифингте сөйлеген сөзінде.

Сондай-ақ басқарма басшысы білім беру ұйымдарын кадрмен қамтамасыз ету бойынша қалада жол картасы бекітілгенін тілге тиек етті.

Оның айтуынша, жоба аясында республикалық ЖОО мен техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерімен жұмыс жүргізіліп жатыр. Елордаға педагогтерді тарту үшін университет түлектерімен онлайн кездесулер жүргізу жұмыстары жалғасып жатыр. Мектептердің басшылары, балабақша меңгерушілері онлайн еңбек жәрмеңкелеріне қатысып, enbek.kz порталында үміткерлерді қарастырылып жатқанын атап өтті.

"Биылдан бастап жаңалығымыз бар. Білім басқармасының сайтында бос жұмыс орындарының HR кадрлық порталы ашылды. Онда білім беру ұйымдарына жұмыс істеуге ынталы кез келген адам бос жұмыс орындарына тіркеліп, өтініш бере алады және басқа өңірлерден келген жас мамандарға 2019 жылы ашылған жатақханаға жолдама алуға болады", дейді басқарма басшысы Ш.Қадырова.

Алдыңғы ақпараттарда айтқанымыздай, биыл білім беру ұйымдары жаңа оқу жылын қашықтан бастайды. Сөйте тұра бастауыш сынып оқушылары үшін арнайы кезекші сыныптар ашылып, онда 10-15 бала оқуды қарастырып отыр. Кезекші сыныпқа бару үшін ата-аналар арнайы өтініш жазу керек.