Әлем • 20 Шілде, 2020

Әлемде бір күнде коронавирус жұқтырған 260 мың адам тіркелді

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы соңғы 24 сағатта әлемде коронавирус жұқтырған 260 мың адам тіркелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz тілшісі ВВС-ге сілтеме жасап.

Әлемде бір күнде коронавирус жұқтырған 260 мың адам тіркелді

Ұйымның хабарлауынша, бұл пандемия басталғалы тіркелген ең жоғары көрсеткіш.

"Әлемде коронавирустан қайтыс болғандар саны 600 мыңнан асты. Оның төрттен бірі Америка Құрама Штаттарында тіркелген. АҚШ-та COVID-19 инфекциясынан көз жұмғандар саны 140 мыңнан асқанына қарамастан, Трамп елдегі өлім көрсеткіші әлем бойынша төмен деп мәлімдеді", - деп жазады басылым.

Айта кету керек, коронавирус жұқтырғандар саны бойынша Үндістан үшінші орынға шықты. Мұнда бір күнде 35 мыңнан астам адамнан COVID-19 анықталды. Ал вирус жұқтырғандар саны бойынша бірінші және екінші орында АҚШ пен Бразилия тұр.

Соңғы жаңалықтар