Коронавирус • 20 Шілде, 2020

Жамбылда бір жасқа толмаған баладан да коронавирус анықталды

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы дерек бойынша Жамбыл облысында коронавирустық инфекция жұқтырудың 104 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 46 жағдай симптомдық болса, 58 дерек симптомсыз болып отыр, - деп хабарлайды Egemen.kz

Жамбылда бір жасқа толмаған баладан да коронавирус анықталды

Тараз қаласында 28 симптомдық жағдай анықталса, Сарысу ауданында 5, Қордай және Жамбыл аудандарында 4, Жуалы және Байзақ ауданында 2 жағдайдан, ал Талас ауданында 1 жағдай тіркелген. Барлық науқас жедел респитарорлық вирустық инфекция белгілері бойынша өздері емханаға жүгінген екен.

Жалпы, өңірде қауіпті індетпен ауырған науқастардың денін зейнеткерлер құрап отыр. Соңғы дерек бойынша облыста барлығы 24 зейнеткерде симптомдық коронавирус расталған. Ал, әлі бір жасқа толмаған баладан да коронавирус індеті анықталып отыр. Науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді.

Олармен байланыста болған адамдар карантинге алынып, ошақтарда қорытынды дезинфекция жүргізілген. Жалпы, соңғы жағдай бойынша Жамбыл облысында 2896 коронавирус инфекциясының дерегі тіркелген. Олардың ішінде 1345 науқас емделіп, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылған.

 

Жамбыл облысы