Аймақтар • 21 Шілде, 2020

Павлодар облысында сырқаттар саны азайған

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысында провизорлық госпитальдерге түсіп жатқан сырқаттар саны азайды. Аймақта әзірленген 3600 орынның 35 пайызы бос тұр. Дәрі-дәрмек қорын жасақтау үшін өңір бюджетінен 600 млн. теңге қаржы бөлінген, - деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап. 

Павлодар облысында сырқаттар саны азайған

Медициналық препараттар келіп жатыр, тапшылық жоқ. Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов ауруханаларды аралап, алдыңғы шепте жұмыс істеп жатқан дәрігерлермен кездесті. Қазір стационарларда 2 мыңнан аса науқас жатыр. Шілде айының соңына дейін оларға оттегі жеткізіп отыратын нысандар саны екі есе көбейтіледі-деді өңір басшысы. Қазір облыс бойынша 14 мыңнан аса адам үйлерінде ем қабылдауда.

"Жедел жәрдем шақыртулары тәулігіне 1120 дейін жеткен күндер болды. Қазір шамамен 800 ден аспайды. Кеше 684 шақырту болыпты. Бұл 40 пайызға төмендегенің, яғни, сырқаттанушылар санйы азайғандығын білдіреді", - дейді облыс әкімі.