Аймақтар • 21 Шілде, 2020

Nur Otan Қарағанды облысының ауруханаларына көмек көрсетуде

357 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Нұротандықтар медициналық мекемелерге азық-түлікті жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz

Nur Otan Қарағанды облысының ауруханаларына көмек көрсетуде

Nur Otan партиясының Сәтбаев қалалық филиалы "Сәтбаев жылу - сумен жабдықтау кәсіпорны" ЖШС және партия ардагері Қорғанбай Құлшарипов бірлесіп, туберкулезге қарсы диспансерге, Сәтбаев қаласындағы орталық қалалық ауруханаға, медициналық-санитарлық бөлімге 200 литр қымыз, 50 килограмм ет жеткізді.

1

Nur Otan партиясы Нұра аудандық филиалы "Жер" фхпт-мен бірлесіп 100 литр қымызды Нұра ауданының орталық ауруханасына әкелді.
Қарағанды облысы Ұлытау ауданының тұрғыны, шаруа қожалығының иесі Дәурен Байболов өз ауданының орталық ауруханасына 200 килограмнан астам ет, 30 литр қымыз, 100 килограмнан астам көкөніс пен басқа да азық-түлікті ұсынды.

1

Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында партияның белсенді мүшесі, ауданның құрметті азаматы, айтыскер және ақын Айтбай Жұмағұлов аудандық ауруханаларға ӨЖЖ (ИВЛ) аппаратын сатып алды. Аппарат жақын арада Ботақара кентінің ауруханасына жеткізіледі.
Nur Otan партиясының BizBirgemiz республикалық акциясы жалғасуда. Күн сайын акцияға белсенді партиялықтар қатысып отыр. Сонымен қатар, акцияға Қарағанды облысының меценаттары, кәсіпкерлері мен еріктілер қозғалысы белсенді түрде қатысуда. Бұл акция аймақта карантин толық аяқталғанға дейін жалғасады.

Коронавирусқа қарсы күрес кезінде отандық дәрігерлерді қолдау бойынша "Дәрігерлерге мың алғыс" акциясы аясында қарағандылық жасотандықтар "Алғыс пакеттерін" табыс етті.

Акция Қарағанды қаласының №1 көпсалалы ауруханасы базасында өткізілді. Онда күн сайын 2 ауысымда 120-дан астам медицина қызметкері еңбек етеді.

"Алғыс пакеті" медицина қызметкерлерінің тілектерін ескере отырып жасалған. Олар ыстықта күні бойы арнайы костюмдер, маскалар мен қолғаптарды киіп жүруге мәжбүр. Аталған жиынтықта осы ыңғайсыздықтарды жеңілдету үшін барлық қажетті нәрсе бар. Әрбір алғыс пакетіне қол кремі, ылғалды майлықтар, бал, лимон, минералды су, табиғи сусындар және басқа да өнімдер кіреді.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03