Қоғам • 21 Шілде, 2020

31 шілде – Құрбан айт мерекесі

9174 рет көрсетілді

Бүгін – зұлқағда айының соңғы күні. Ертең, яғни 22 шілде күні – зұлхижжа айы басталады. Ал 30 шілде – Арапа күні болса, 31 шілде мен 1-2 тамыз күндері – Құрбан айт болады. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы хабарлады, деп жазады  Egemen.kz

Зұлхижжа айының алғашқы он күні қасиетті күндер болып есептелінеді. Сондықтан осы кезде ынтамен ғибадат ету, көбірек ізгі іс істеу қажет. Арапа күні ораза тұту – сүннет. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Арапа күні ораза ұстау арқылы Алладан өткен және келесі жылдың күнәсін кешіруді үміт етемін", – деген (Муслим).

Құрбан айт күндерінде бай адамға құрбан шалу – уәжіп. Құрбан шалу Алла Тағалаға жақын болу үшін, күнәлар кешірілу үшін, Жаратушы Иеміздің көптеген нығметтеріне шүкір ету үшін, бай мен кедейге кеңшілік жасау үшін міндеттелді.

Алла Тағала баршамызға зұлхижжа айын құлшылықпен, сауапты істермен өткізуді жазғай, Құрбан айт мейрамын берекелі еткей, жер бетінде тараған індеттен сақтап, елімізге амандық, жұртымызға тыныштық бергей!

Соңғы жаңалықтар

Ұстаз жолы

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар