Әлем • 22 Шілде, 2020

Әлемде қауіпті індет жұқтырғандар саны 15 млн-ға жуықтады

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22 шілдеде Johns Hopkins University (JHU) ұсынған мәлімет бойынша вирус жұқтырғандар саны - 14 906 602, өлім саны - 615 754, айыққандар саны - 8 434 666 адам болды, - деп жазады Egemen.kz

Әлемде қауіпті індет жұқтырғандар саны 15 млн-ға жуықтады

АҚШ-та 3 899 072 жағдай тіркелді, 1 182 018 адам сауығып шықты, 141 992 адам қайтыс болды.

Бразилияда 2 159 654 жағдай тіркелді, 1 555 339 адам сауығып шықты,  81 487 адам қайтыс болды.

Үндістанда 1 155 354 жағдай тіркелді, 724 578 адам сауығып шықты, 28 084 адам қайтыс болды.

Ресейде 782 040 жағдай тіркелді, 561 397 адам сауығып шықты, 12 561 адам қайтыс болды.

Перуде 312 911 жағдай тіркелді, 204 748 адам сауығып шықты, 11 133 адам қайтыс болды.