Қоғам белсенділері азаматтарды коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін санитарлық нормаларды сақтауға шақырды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты хабарлайды, деп жазады Egemen.kz

Елордалық үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) қала дәріханаларындағы дәрі-дәрмек бағасына қоғамдық мониторинг жүргізді. Мақсат – пневмония мен коронавирус инфекциясын емдеуде қажет дәрі-дәрмектерге шекті рұқсат етілген бағаның көтерілуіне жол бермеу.
"Бүгін біздің қоғамдық бірлестіктің, "Даму" қауымдастығының өкілдері, "Камеда" ҚҚ еріктілері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қала дәріханаларында болды. Мониторинг және рейд кезінде біз дәріханалардағы дәрі-дәрмектердің қол жетімділігі мен бағаларын бекітілген атаулар бойынша қарастырамыз. Оларға дене қызуын төмендететін, антикоагулянттар, антибиотиктер, вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер кірді. Біз үшін, қоғам белсенділері ретінде, азаматтардың дәрі-дәрмектерді қолжетімді бағамен сатып алуы өте маңызды", дейді "Рухани қоғам әлемі" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Лимана Койшиева.
Мониторинг барысында қоғам белсенділері азаматтарды коронавирус инфекциясының алдын алу үшін санитарлық нормаларды сақтауға шақырды. Хабарланғандай, Нұр-Сұлтанда дәрі-дәрмек бағасын негізсіз көтергендермен күрес күшейді.
Дәрі-дәрмектің бағасы қымбаттағаны анықталса, азаматтар іKOMEK 109 бірыңғай байланыс орталығына, сондай-ақ +7 775 160 55 32 WhatsApp нөміріне хабарлама жіберуіне болады. Үкімет пен елорда әкімдігі дәрі-дәрмектерді сатып алу мен әкелу рәсімдерін жеңілдету, логистика бойынша қолдау көрсетуде.
Сонымен бірге, қалалық прокуратура, полиция департаменттері, мемлекеттік кірістер, экономикалық тергеу, фармацевтикалық бақылау қызметкерлерінен тұратын мобильді топ дәрі-дәрмекпен алыпсатарлық фактілерін болдырмау үшін күнделікті жұмыс істейді. Атап айтқанда, I-teka қосымшасын қолдана отырып, әлеуметтік желілердегі (Instagram, Facebook, telegram, WhatsApp) хабарламаларды зерделеу арқылы бағалар үнемі қадағаланады.
Балқаш маңында жаңа күн электр станциясы салынды
Қазақстан • Бүгін, 10:28
Қаржы • Бүгін, 10:17
Шымкентте мақта өңдейтін зауыттан өрт шықты
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Елімізде 9,5 млн адам екпе салдырды
Коронавирус • Бүгін, 09:49
Қазақстанның кей өңірлерінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:30
Рыбакина АҚШ-та өткен турнирдің ширек финалына өтті
Теннис • Бүгін, 09:16
COVID-19: Елімізде 1338 адам емделіп шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:08
Өткен тәулікте 951 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:03
Аймақтар • Бүгін, 08:58
Спорт • Бүгін, 08:55
Спорт • Бүгін, 08:54
Спорт • Бүгін, 08:53
Жетісу мектептері жаңа оқу жылына дайын
Білім • Бүгін, 08:52
Халықаралық олимпиадада олжа салды
Аймақтар • Бүгін, 08:50
Спорт • Бүгін, 08:48
Спорт • Бүгін, 08:46
Спорт • Бүгін, 08:45
Қарағайлы өлке – туризмнің інжу-маржаны
Туризм • Бүгін, 08:43
Ұлықұм етегінде ұйымдастырылған игі іс
Аймақтар • Бүгін, 08:42
Жастар спорты қолдауды қажет етеді
Спорт • Бүгін, 08:40
Руханият • Бүгін, 08:39
Аймақтар • Бүгін, 08:37
Білім • Бүгін, 08:35
Қоғам • Бүгін, 08:34
Көпбалалы отбасыларға – 198,7 млрд теңге
Қоғам • Бүгін, 08:33
Шаруаның шағымы: Халықпен кездесулерде мыңнан астам мәселе көтерілген
Аймақтар • Бүгін, 08:32
Аймақтар • Бүгін, 08:30
Шағын шаруа қожалықтарының қолы ұзарды
Аймақтар • Бүгін, 08:28
Тұңғыш түсіндірме кітап жарық көрді
Қазақстан • Бүгін, 08:27
60 мың гектар жайылым мемлекетке қайтарылды
Қазақстан • Бүгін, 08:25
Әлем • Бүгін, 08:23
Ашық аспан астындағы музей ашылады
Аймақтар • Бүгін, 08:22
Жол картасын жүзеге асыру маңызды
Саясат • Бүгін, 08:20
Дипломатия ардагерлері марапатталды
Қазақстан • Бүгін, 08:18
Саясат • Бүгін, 08:15
Аймақтар • Кеше
Тауар тасымалы: Табыстан гөрі тұрақтылық маңызды
Экономика • Кеше
Қазақстан • Кеше
Түркия мен Израиль қарым-қатынасы қайта жанданды
Әлем • Кеше
Ұқсас жаңалықтар