Аймақтар • 22 Шілде, 2020

Алматының ковидтік ауруханаларында емделушілердің 27%-ы басқа аймақтың тұрғындары

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің өткізген онлайн-брифинг барысында Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров мәлімдеді, - деп жазады Egemen.kz

Алматының ковидтік ауруханаларында емделушілердің 27%-ы басқа аймақтың тұрғындары

"Бүгінгі таңда денсаулық сақтау жүйесі үздіксіз жұмыс жасап жатыр. Бұған бірнеше себеп бар", - деді спикер. Алматы қаласында жұмыс істейтін басқа аймақтың азаматтары көп. Ал бұл фактор инфекцияның таралу деңгейіне айтарлықтай әсер еткендіктен аурулардың көбеюі байқалады. Сонымен қатар, күн сайын жақын орналасқан облыстардан жүздеген азаматтар Алматыдағы медициналық мекемелерге жүгінеді. Медициналық көмек алу үшін қаланың денсаулық сақтау ұйымдарына жүгінетін азаматтар саны шамамен 20-25%.

Сондай-ақ, 60 мыңға жуық азамат Алматы қаласында тұрып жатыр, бірақ тіркеуде жоқ. Мұндай мәліметтерді брифинг барысында Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Камалжан Надыров айтты. Оның айтуынша, қалада 15 республикалық медициналық ұйым жұмыс істейді. Ол жерлерде басқа өңірдің 80% тұрғындары ем алады. Адамдар көп әрі тығыз болып табылатын жоғары жоғары оқу орындары, колледждер, әскери бөлімдер, Шекара әскерлері академиясы, ІІМ және басқа да білім беру ұйымдары COVID-19 ауруының көбеюіне әсер еткен.