Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен әскери қызметшілері майдангер, жазушы, ақын, Ұлы Отан соғысы туралы көптеген еңбек туындыларының авторы, қоғам қайраткері Леонид Юзефович Гирштің отбасы мен туыстарына қайғырып көңіл айтады, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Ол еліміздің қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздігін нығайтуға өлшеусіз үлес қосқан, аты аңызға айналған жеңімпаздар ұрпақтарынан еді.
17 жасынан бастап майданға өз еркімен сұранып барған. Оны тек үшінші рет сұранғанында ғана, жасы келгенде және немістер қалаға жақындаған кезде ғана қабылдады. Леонид Гирш Оңтүстік-Батыс майданның 31-ші дивизиясының 177-ші атқыштар полкінің жауынгерлер қатарында болды.
Украинадағы шегіну кезінде, соғыстың ең басында Леонид Юзефович аяғынан жарақат алды. Новосибирск госпиталінде емделіп шыққаннан кейін ол тағы да майданға аттанды.
Сталинградта ол автоматшылардың жеке ротасындағы взвод командирінің көмекшісі болып тағайындалды. Командир қайтыс болғаннан кейін, взводты басшылық етуді 19 жасар Леонид өз қолына алды. Пимен-Черни ауылының маңында болған шайқас үшін ол өзінің алғашқы Қызыл Жұлдыз орденін алды.
Леонид Юзефович Гирш Сталинград пен Курск бұғасындағы шайқастарға қатысып, Украина, Польша, Чехословакияны азат етіп, Берлинге шабуыл жасап, рейхстагта өз қолтаңбасын қалдырды.
Соғыстан кейін ол өз өмірін әскери қызметпен байланыстыруды ұйғарды және жарты ғасырға жуық уақыт бойы әскери қызметтің түрлі лауазымдарын атқарды. Ең басты атқарған лауазымдары Алматы қаласы мен Алматы облысы Азаматтық қорғаныс штабының бастығы болды. Кеңес Одағының Батыры, полковник Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың шешімімен Алматы облысы Азаматтық қорғаныс штабы бастығының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Отставкада полковник өмірінің соңғы күндерге дейін өз тәжірибесімен Қазақстанның жастарымен және әскери қызметкерлерімен бөлісті. Ол экологиялық комиссияны басқарды, Қазақстан халқы Ассамблеясына сайланды, түрлі қоғамдық ұйымдарда белсенді жұмыс істеді, қала мен облыстың төтенше жағдайлар департаменті бастығының штаттан тыс кеңесшісі болды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Президент • Бүгін, 22:10
Аймақтар • Бүгін, 21:45
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Бүгін, 21:20
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қайырымды да батыл отандастарымызды марапаттады
Аймақтар • Бүгін, 20:50
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Қоғам • Бүгін, 20:32
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Бүгін, 20:10
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Бүгін, 20:05
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды
Аймақтар • Бүгін, 19:36
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты
Оқиға • Бүгін, 18:57
Бас прокуратура әлеуметтік желілерде митингке шақыруға байланысты үндеу жариялады
Қоғам • Бүгін, 18:41
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Бүгін, 18:35
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 18:33
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Бүгін, 18:27
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 18:24
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен бірқатар лауазым өкілі тағайындалды
Президент • Бүгін, 18:21
Қазақстанның АӨСШК-ге төрағалығы бірқатар елге гуманитарлық көмек берді
Қазақстан • Бүгін, 18:10
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Бүгін, 18:03
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Бүгін, 17:56
Ұқсас жаңалықтар