Аймақтар • 22 Шілде, 2020

"Жақсылық жаршысы" марафоны Алматыда жалғасты

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және "Менің Атамекенім" қоғамдық бірлестігі бірлесе отырып, қаражат, дәрі-дәрмек, сондай-ақ күнделікті тұтыну тауарларын алуға "Жақсылық жаршысы"  атты республикалық марафонын іске қосты, - деп хабарлайды Egemen.kz

"Жақсылық жаршысы" марафоны Алматыда жалғасты

Аталмыш акцияға кез келген адамның қатысуына мүмкіндік бар екені алдын-ала хабарланған болатын. Көмек көрсету қатарына қаржылай көмек, күнделікті тұтыну тауарларын алу немесе қызметтер көрсету саласы және еріктілер қатары болуы мүмкін.

"Жақсылық жаршысы"  марафоны 2020 жылдың 21 шілдесінде Нұр-сұлтан қаласында басталып, 22 шілде күні эстафетаны Алматы қаласы, ал одан кейін еліміздің басқа өңірлерінде жалғасты.

Алматыда өтетін марафонға белгілі медиа тұлғалары мен спортшылар қатысады: олардың қатарында кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров, әншілер Нұрлан Еспанов, Талғат Жорабаев, Абай Бегей, Серік Ибрагимов, Бейбіт Күшқалиев, Әсет Қарабалин, Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова және танымал вайнер Серік Тілеулесовтер қатысты. 

Соңғы жаңалықтар