Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлын тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарынан бастап білемін. Арамызда пікір қайшылықтары да болды. Бірақ уақыт бір-бірімізге деген құрметіміз бен сыйластығымызға сызат түсірген емес. Себебі Президенттің журналистермен кездесуі кезінде айтқанындай, пікір әртүрлі, халықтың біртұтас екені қадым заманнан белгілі. Ақиқаттың өзегі ашық пікірталастарда, пікір қайшылықтары барысында ашылады, соңғы нәтиже мемлекеттік және ұлттық мүддеге басымдық берумен түйінделеді.

Бұл – өткен тарих.
Ұлт болып ұйысып, Президент Тоқаевтың қасынан табылудың кезі келгені ішкі түйсікпен сезіліп тұр. Қазіргі жағдайды 1990 жылдар, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы жағдаймен де салыстыруға болмайды. Ол жылдары тәуелсіз елміз деген қасиетті ұғымның өзі мұз жарғыш кемедей қиыншылықтарды еңсеріп шығуға сеп болғаны ұмытылған жоқ. 1990 жылдар мен қазіргі уақыт арасы жер мен көктей. Сондықтан 1990 жылдардың қиындығын алға тартып, халықты сабырға шақырумен мәселе бітпейді. Қазір жағдай ушығып кетті. Экономикамыздың кемшін тұстары әр-әр жерден білініп қалып жатыр. Жүректің сыздауына себеп болатын құбылыстармен қоса, қауіпті дерт көп замандастарымыздың қатарын сиретіп кетті. Індет еліміздегі байлар мен кедейлер арасындағы теңсіздікті, адамдардың тұрмысы арасындағы алшақтықты ғана емес, біздің мүмкіндігімізді де көрсетіп берді. Тәуелсіздігіміздің тарихын бөлшектеп қарауымыздың нәтижесінде біз осы күнге жеттік. Халық Көк бөрі тәрізді дертіне дауа іздеп, сабылып кетті. Мен мұны тура мағынасында айтып отырмын. Басқаша айтқанда, жаңаруға ұмтылу, шегінерге жол қалмағанын және ендігі жерде кемшіліктерді жасырып қалудың мүмкін еместігі белгілі болып қалды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халықты алаңға алып шыққан – кедейлік» деген бір ауыз сөзін қазіргі жағдайға берілген баға ретінде қабылдау керек. Бұл – біле білген адамға өте ауыр баға. Ал бұл пікірдің Президент, кәсіби дипломат Тоқаев тарапынан айтылуы басқа жолдың қалмағанын, ендігі жерде тек шындық қана алға жылжуға мүмкіндік беретінін байқатып тұр.
Мына індет көп нәрсенің бетін ашты, кім екенімізді, жаңаның жанталаса жұмыс істегенмен жақсы нәтижелерге қол жеткізудің қиындығын көрсетті. Халық ауызбіршілігі мен бір-біріне деген мейірімін жоғалтып алмапты. Оған тәубе дейміз.
Үкімет құрамына таза ауа керек. ХХ ғасырдың емес, ХХI ғасырдың дағдарыс менеджерлері керек. Өткен тарих өз миссиясын атқарды. Президентіміз маңындағылардан өз бойындағы тазалық пен зиялылықты, саяси мәдениеттілік пен дегдарлықты талап ететінін ел көріп-біліп отыр. Дәл қазір билік басына діліне адал азаматтардың келуі – жаңарудың басы.
Жалпыұлттық мүддені білдіру халықтың өзін-өзі танып, бағалану дәрежесін көтеру қабілетімен ғана емес, соны ойдағыдай жүзеге асырудың жолын табу қабілетімен де дараланып тұруға тиісті.
«Орталық Азиядағы көрші мемлекеттермен қарым-қатынас мәселесі де «бөлтірік бөрі астынданың» кебін киіп қалмас үшін үнемі назар аударып, арғы жақ-бергі жағын бағдарлап отыруға тиіс басты шаруамыз болып қала беруі керек. Тағдырымыз, арғы-бергі тарихы бір туыс мемлекеттерміз.
Орталық Азиядағы бес мемлекет шын ынтымақты ортаға айналғысы келсе, бағыттарын айқындап белгілегені жөн. Осы тараптағы Президент саясатының ұстанымы ел үшін маңызды деп есептеймін.
Мемлекеттің ұлттық мүддеге қатысты саясатын халық білуі тиіс.
Ел басқарып отырған азаматтарға қолдау білдіру халықаралық тәжірибеде бар. Ел көшін бастаған ерлерге қатысты сөз бастағанда әсіре- мақтаулардан аулақ болсақ екен деймін. Орыстарда «Жалған мақтаудан өлі сөздің иісі шығады» деген сөз бар. Мақтан мен жағымпаздық арқылы Мемлекет басшысының айбынын асырамыз деген ұғым келмеске кетті.
Қазір Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев үшін халықтың сенімінен артық күш жоқ болар. Халықтың Президентіміздің қасында шындықты сүзгіден өткізіп жеткізетін сарай жыраулары емес, ой салатын, шындықтың бетіне тура қарайтын азаматтар жүрсе екен деген талабы заңды.
Ел мен ел басқарып отырған тұлға арасындағы байланыс, табиғи үйлесімділік алға жүруімізге жол ашып, ұлт болып ұйыстырады. Екі арадағы байланыстың индикаторы – сенімнің деңгейіне қарап өлшенеді.
Қазір қазақтың жерінің біртұтастығына көзінің сұғын қадап отырған сырт күштер жетеді.
Қазақты қазақ қана тығырықтан алып шығады.
Тәуелсіздік үшін күрес енді басталды. Елдің аманатын жауапкершілігіне алған азаматқа сенім білдіретін кез келді. Ең бастысы, ел сенімін сезіну Президент үшін де маңызды фактор.
Мұрат ӘУЕЗОВ,
мемлекет және қоғам қайраткері
Қазақстанда 12 градусқа дейін аяз болады
• Бүгін, 13:00
Мемлекет басшысы ақын Есенғали Раушановтың отбасына көңіл айтты
Президент • Бүгін, 12:43
Солтүстік Қазақстанда орман өртімен күресетін мекемелердің дайындығы тексерілді
Аймақтар • Бүгін, 12:28
Жексенбі күні елордада қоғамдық көліктер жүрмейді
Елорда • Бүгін, 12:25
Арнайы өкіл: Ауғанстандағы жағдайды қалпына келтіру үшін өңірлік ынтымақ керек
Әлем • Бүгін, 12:10
Сенаторлар ұлттық қауіпсіздіктің жұмысын жетілдіру мәселесін талқылады
Парламент • Бүгін, 12:07
«Nur Otan»-да 600 жас депутаттан тұратын корпус құрылды
Қоғам • Бүгін, 12:06
Президенттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзі
Президент • Бүгін, 11:59
Астық егу науқаны мамыр айының ортасында басталады
Қоғам • Бүгін, 11:44
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жаңа төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:35
Алик Шпекбаев қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 11:27
Солтүстікте су деңгейі көтеріліп келеді
Аймақтар • Бүгін, 11:25
Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамаға өзгеріс енгізіледі
Қазақстан • Бүгін, 11:23
Президенттің өкімімен бірқатар лауазым иесі қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 11:23
Ақын Есенғали Раушанов өмірден өтті
Қоғам • Бүгін, 11:20
Алматыда 100-ден астам көшенің аты өзгереді
Қоғам • Бүгін, 11:12
Қазақстандық каратэшілер Парижде екі қола жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 11:10
Жұмысын дұрыс атқармағаны үшін «ҚазАвтоЖол» басшысы қызметінен кетті
Қазақстан • Бүгін, 11:10
Astana IT university: Білім сапасынан цифрлы трансформацияға
Білім • Бүгін, 11:02
Азия чемпионаты: Әйелдер күресінен өткен жарыстың алғашқы күнінің нәтижесі
Спорт • Бүгін, 10:55
Отандық әуежайларды жаңғырту мәселесі талқыланды
Қазақстан • Бүгін, 10:27
Өскемендік жастар жемқорлыққа қарсы акция өткізді
ANTIKOR • Бүгін, 10:17
Қазақстандық колледждерге WorldSkills стандартын енгізу ұсынылды
Білім • Бүгін, 10:02
16 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:40
Кореяда Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған маркалар шығарылды
Әлем • Бүгін, 09:28
2177 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:22
ҰБТ тапсыруға өтінім қабылдау басталды
Білім • Бүгін, 09:18
Өткен тәулікте 2656 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:17
«Самұрық-Қазының» қоғаммен байланыс жөніндегі директоры тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 09:05
Қайта өңдеуді қаржыландыруға – 10 млрд теңге
Технология • Бүгін, 08:44
Аймақтар • Бүгін, 08:35
Қолөнерші әйелдер цифрлы сауданы меңгеруде
Технология • Бүгін, 08:34
Өнер • Бүгін, 08:32
Қанатымен су сепкен қарлығаштай...
Руханият • Бүгін, 08:28
Экономика • Бүгін, 08:24
Қоғам • Бүгін, 08:22
Карантин әртістерге жаңа мүмкіндік ашты
Театр • Бүгін, 08:21
Өнер • Бүгін, 08:19
Ұлт ұстазына қатысты жәдігерлер
Руханият • Бүгін, 08:18
Ақмолалық азаматтардың ақ ниеті
Қоғам • Бүгін, 08:10
Адамзат соғыстан гөрі инфекциядан көп зардап шекті
Коронавирус • Бүгін, 08:08
Аймақтар • Бүгін, 08:07
ХҚО қызметкерлері де қалыс қалмады
Аймақтар • Бүгін, 08:05
Вакцина да аласыз, көрме де тамашалайсыз
Коронавирус • Бүгін, 08:04
Жел генераторының жемісін көретін күн жақын ба?
Экономика • Бүгін, 08:02
Экономика • Бүгін, 08:00
Адам өмірінің әуедегі арашашылары (Медициналық авиация қызметіне – 10 жыл)
Оқиға • Бүгін, 07:59
Ишанбай Қарақұловты естен шығармайық
Руханият • Бүгін, 07:56
«Еңбек» бағдарламасына 158 мыңға жуық адам қатысты
Қоғам • Бүгін, 07:54
Оқиға • Бүгін, 07:52
Жартылай финалдың жұптары анықталды
Футбол • Бүгін, 07:40
Спорт • Бүгін, 07:38
Теннис • Бүгін, 07:37
Экология • Бүгін, 07:35
Жолайрықтар қала көшелерінің тынысын ашады
Қоғам • Бүгін, 07:30
Суицидтің көптігі – елімізге сын
Қоғам • Бүгін, 07:26
Қоғам • Бүгін, 07:23
Абай • Бүгін, 07:22
Экономика • Бүгін, 07:17
Қазақстан • Бүгін, 07:15
Футбол • Бүгін, 00:00
Руханият • Кеше
Қазақстан • Кеше
Табиғат тағылық жасағанды кешірмейді
Аймақтар • Кеше
Сайлау Батырша-ұлы: Қазақтың көші тоқтамауы тиіс
Тарих • Кеше
Есірткі: Интернеттегі сауда ерік бермей барады
Қоғам • Кеше
Ұлттық құндылықтарды ұлықтаған
Аймақтар • Кеше
БЖЗҚ: Ақпараттық текетіресте кімнің ұпайы түгел?
Экономика • Кеше
Бензин бағасы кетті шарықтап...
Қазақстан • Кеше
Балаларға жанашырлық – бәрімізге ортақ міндет
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар