Аймақтар • 23 Шілде, 2020

Өңірлерде жедел жәрдем шақыру азайған

650 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің бірқатар өңірлерінде жедел жәрдем шақыртулары азайған. Қазір эпидахуал бірте-бірте оңалып келеді, - деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан ұлттық арнасына сілеме жасап. 

Өңірлерде жедел жәрдем шақыру азайған

Сыр өңірінде шілденің басында күніне 3 мыңға жуық адам жедел-жәрдемге жүгінсе,  қазір шақыртулар 1200-ге дейін азайды. Пневмониямен сырқаттанған науқастардың саны да 45 пайызға төмендеген. Ауруханаларда төсек орын тапшылығы жоқ. Ем алушылардың үлесі 66 пайызды құрап отыр. Сондай-ақ, емханалар жанынан құралған 161 мобильді топ халыққа тынбай қызмет етіп, үйден ем жүргізуде. Мұнан бөлек, 20 шілдеден бастап, Call орталығы іске қосылып, мамандар тәулік бойы тұрғындар сауалына жауап беруде.

Қостанай облысында да соңғы аптада жедел-жәрдем шақыртушылар саны едәуір азайған. Қазір тәулігіне шақырту 800-ден аспаса, індет өршіген кезде бұл көрсеткіш 1200-1800-ге дейін жеткен. Аймақта 73 бригада өз міндетін мүлтіксіз атқаруда.

Ал Ақмола облысында жедел-жәрдем қызметіне жүгінушілердің қатары шілденің бастапқы аптасымен салыстырғанда 12 процентке кеміген.