Аймақтар • 23 Шілде, 2020

Ақтөбе облысында жергілікті жолдардың 600-ден астам шақырымы жөнделеді

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан өңірлерінде облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жаңғырту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

Ақтөбе облысында жергілікті жолдардың 600-ден астам шақырымы жөнделеді

Ақтөбе облысында осы жылдың соңына дейін жолшылар жолдардың 606 шақырымын жаңартпақ.

Нақтырақ айтқанда, биыл мұнда автомобиль  жолдары саласында 41 жоба жүзеге асырылуда. Олардың екеуі - жолдарды салу, үшеуі - жолдарды  қайта жаңарту, төртеуі - жолдарды күрделі жөндеу, 33-і - жолдарды орташа жөндеу жобалары.

Айта кету керек, Ақтөбе облысында жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы жергілікті жолдардың үлесі 56,5 % құрайды. Жыл соңында аталмыш көрсеткіш 59% дейін ұлғайтылып, жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы жергілікті автомобиль жолдарының ұзындығы 2,9 мың шақырымды құрайтын болады.

Еске салайық, өңірдегі жергілікті жолдардың жалпы ұзындығы 4,9 мың шақырымды құрайды. Олардың 1,2 шақырымы - облыстық, 3,7 шақырымы - аудандық жолдар.

Бұдан бөлек, аймақта республикалық маңызы бар жолдарды салу, қайта жаңарту, жөндеу жобалары жүзеге асырылуда.

Тиісті жұмыстармен жолдардың 296 шақырымы қамтылатын болады.