Әлем • 23 Шілде, 2020

600 келі тартатын ірімшік

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сардиния тұрғындары  әлемде ең үлкен ірімшік дөңгелегін жасап Гиннестің рекордтар кітабына енді, дейді "REGNUM" ақпарат агенттігі.

600 келі тартатын ірімшік

Осыншалық үлкен ірімшікті дайындауға аралдың 50 ірімшік өндірушісі қатысып, 4550 литр сүт қолданыпты.

Содан ірімшік 33 мыс қазанда қайнатылып, диаметрі 165 см, биіктігі 60 см арнайы ағаш қалыпқа құйылып, арнайы температуралық режимде бабына келтірген көрінеді.

Мұнан кейін Гиннес рекордтар кітабының қазысы арнайы келіп көріп, бағасын беріп, ірімшікті кітапқа енгізу қажет деп шешім шығарған екен.