Қазақстан • 23 Шілде, 2020

"Bеk Air" компаниясына қатысты сот отырысы өтті

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінің "Bеk Air" АҚ әуекомпаниясына екінші арызы бойынша бірінші сот отырысы өтті. Бұл туралы Egemen.kz Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Bеk Air" компаниясына қатысты сот отырысы өтті

"Комитет арызындағы талаптар "Bеk Air" жүзеге асыратын рейстерге билет сатып алған жолаушыларға ақшалай қаражатты өтеу туралы болып отыр.

Жалпы тұтынушылар комитеті 301 билет сатып алған 151 азаматтың мүддесін қорғайды. Талап-арыз сомасы 10,5 млн теңгені құрап отыр. Комитетке өтініштер әлі де түсіп жатқандықтан, бұл сома ұлғаюы мүмкін", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін сот азаматтарға қаражатты өтеу туралы Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің арызын қанағаттандырған еді. Кейін "Bеk Air" АҚ сот шешіміне апелляциялық шағым берді.